236 rob
Фотосурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Әлихан Бөкейхан университетінің педагогика және психология кафедрасымен 5 жылға келісімге отырды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Келісімге сәйкес студенттер қку тәжірибесін Абай гарнизонының мерзімді қызметін өтеп жүрген сарбаздары бар әскери бөлімдерінде өтеді.
Кездесу барысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерилері қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаев болашақ психология мамандарының тәжірибеден өту кезінде жаңадан келген жас толымды зерделеуге ат салысуда, әскери бөлңмдердің қызметтік регламентімен танысып және әскери тәртіпті сақтауды ескертті. Өзара келісім орнату кезінде студенттер әскери бөлімдерге бөлініп, тәжірибелік нұсқаушылары ретінде әскери бөлімнің психологтары қатарынан тәлімгерлер тағайындалды.
— Студенттердің тәжірибеден өту кезеңі Қарулы күштеріне мерзімді қызметін өтеуге келген жас сарбаздардың бейімделу кезі және әскери бөлімдердегі «Жас сарбаз» айлығымен тұспа-тұс келіп тұр. Студенттер жас толым әкімшілігімен бірге келген сарбаздарды белсенді зерделеп, психолог – мамандығының дағдыларын көтереді, — дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының аға офицері майор Гүлнұр Қапселенова.
Өз кезегінде Әлихан Бөкейхан университеті педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Гүлжан Батина гарнизон қолбасшылығының студенттерге арналған тәжірибелік мүмкіндігі және жылы қабылдау үшін алғысын білдірді.
Ескерте кету керек, келісу құжатында студенттердің жоғарғы білім дипломын алып қызметке орналсу туралы жағдайыда қарастырылған.
Источник: dknews.kz