үй Қазақстан жаңалықтары Болашақтың мемлекеттік басқармасы: Govtech X Digital Almaty VI форумында

Болашақтың мемлекеттік басқармасы: Govtech X Digital Almaty VI форумында

6
0

280 Арман

Болашақтың мемлекеттік басқармасы: Govtech X Digital Almaty VI форумында

Digital Almaty 2024 форумы аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен «GovTech X: мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға арналған цифрлық құралдар» тақырыбында панельдік сессия өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Панельдік сессияға спикерлер ретінде Ресей Федерациясының Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрі Мақсұт Шадаев, Қырғыз Республикасының Цифрлық даму министрі Нұрия Кутнаева және Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов қатысты.

Министр Бағдат Мусин электронды үкіметті енгізу көрсеткіштері жылдан жылға артып келе жатқанын, осылайша, 2023 жылы онлайн режимінде 50 млн қызмет көрсетілгенін, қызметтердің 92%-ы азаматтарға үйден шықпай-ақ қолжетімді болғанын айтты. Сондай-ақ, проактивті қызметтерді жүзеге асыру бойынша жұмыстар үнемі жүргізілуде, қазіргі уақытта мұндай қызметтердің 46 түрі бар және олар 2 млн-нан астам рет көрсетілген.

Болашақтың мемлекеттік басқармасы: Govtech X Digital Almaty VI форумында

«Қазір бізде электрондық үкіметтің орасан зор экожүйесі қалыптасты, оған мемлекеттік порталдармен қатар, банктік қосымшалар еніп, басқа да сервистер мен стартаптар кіре бастады. Біз мемлекет ретінде өнімдер мен қызметтерді құруға арналған көптеген құрал түрін ұсынамыз. Govtech бойынша көшбасшылардың бірі ретінде біз өз құзыреттерімізбен, тіпті дайын өнімдерімізбен бөлісу жауапкершілігіне иеміз. Мәселен, 2023 жылы Тәжікстан Республикасына 3 жүйе берілді. Олар – CPU, Smart Bridge, GOV.kz. Біз табысты және дәлелденген өнімдерді серіктес елдерімізге қайтарымсыз ұсынамыз» Бағдат Мусин

Сондай-ақ, Цифрлық даму министрі өз сөзінде ең танымал 45 сервис пен мемлекеттік қызмет қазақстандықтарға екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы қолжетімді екенін атап өтті. Мәселен, олардың ішіндегі ең танымалдары – автокөлікті онлайн сату. Оның айтуынша, егер бұрын мәмілелердің шамамен 10%-ы ғана онлайн өтсе, мемлекеттік қызметке реинжиниринг жүргізіліп, оны банктердің қосымшаларына шығарғаннан кейін онлайн сатылымдардың үлесі 75%-ға дейін өсті.

Банктің мақұлдауын, пәтерді қайта рәсімдеуді және оны кепілге қоюды қоса алғанда, ипотека алуды іске асыру да онлайн түрде, бір тәулік ішінде көрсетіледі. Жеке кәсіпкерлікті ашу да банктердің қосымшаларында қолжетімді болды.

Мұндай жетістіктерге Қазақстанның электрондық үкіметінің негізгі компоненттері нәтижесінде қол жеткізілді. Олар – Smart Bridge интеграциялық платформасы (бизнеске жаңа өнімдер мен сервистер құруға мүмкіндік беретін мемлекеттік сервистерге бизнесті 1700-ден астам қосу), Smart Data Ukimet (деректерді айқас талдау және басқару шешімдерін қабылдауды қолдауға арналған кеңістік), GOV.kz (еліміздің бірегейленген стандарт бойынша жұмыс істейтін барлық мемлекеттік органдары сайттарының бірыңғай платформасы), Е-нотариат (цифрлық нотариат), Е-өтініш (халық үніне құлақ асатын мемлекеттің қағидаттары), Е-денсаулық (өз медициналық деректеріңе қол жеткізу) және Е-салық (салық әмияны).

Бұл қызметтердің барлығы біздің Egov superapp-та қолжетімді. Олар – 850 сервис, қағаз нұсқаны алмастыратын 31 цифрлық құжат, мемлекеттік сервистердің маркетплейсі. Бұларға толығымен онлайн көрсетілетін нотариаттық қызметтерді және салық әмиянын, түймешені бірнеше рет басу арқылы мемлекеттік органдарға өтініш беру қызметтерін жатқызуға болады. Қазақстанда eGov mobile мобильді қосымшасын ай сайын 4 млн-нан астам адам пайдаланады.

Болашақтың мемлекеттік басқармасы: Govtech X Digital Almaty VI форумында

«Енді біз қолданыстағы барлық компонентті бірыңғай GovTech платформасына – KazTech-ке біріктіреміз, онда біз қазірдің өзінде ашық регламенттер мен ережелерді енгіземіз. Біздің бағалауымыз бойынша, әр жобада орташа алғанда, шамамен 40% ұқсас процестер мен талаптарды автоматтандыру бар» Бағдат Мусин

Источник: dknews.kz