үй Қазақстан жаңалықтары Бюджет қаражатын ысырап ету: Целиноград ауданы Қызылсуат ауылының ТКШ қызметкерлері сотталды

Бюджет қаражатын ысырап ету: Целиноград ауданы Қызылсуат ауылының ТКШ қызметкерлері сотталды

14
0

216 rob

Бюджет қаражатын ысырап ету: Целиноград ауданы Қызылсуат ауылының ТКШ қызметкерлері сотталды

Фотосурет: pixabay.com

Целиноград ауданы Қызылсуат ауылын электр қуатымен жабдықтау жөніндегі қылмыстық іс облыстық сотта қаралды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бірінші сатыдағы сот үкімімен ТКШ бөлімінің басшысы «Ж.» және ЖШС-нің төрт қызметкері 7 және 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Сот оларды бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ысырап еткені үшін кінәлі деп таныды (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы).

Аудандық сот, Қызылсуат ауылын электр қуатымен жабдықтау құрылысына мемлекет бөлген ақшадан, сотталғандар 1,3 млрд.теңге жымқырып алды деп есептеді. Бұл сома мемлекет кірісіне өндіріліп алынды.

Алайда, апелляциялық алқа сот үкімін қайта қарап, аудандық сотпен істің барлық мән-жайларына тиісті дәрежеде құқықтық баға берілмегенін анықтады.

Алқа, сотталғандар пайдаланған жабдықтың құнын едәуір арттып берді, деген қорытындыға келді.

Мемлекетке келтірілген залал барлық орындалған жұмыстарды ескере отырып, нысанды салуға бөлінген және серіктестік нақты жұмсаған ақшалай қаражат негізінде белгіленді.

Ұсынылған дәлелдемелерді мұқият талдау нәтижесінде, алқа нақты залалдың 263,2 млн. теңгені құрағанын мойындады.

Осыған сүйене отырып, өндірілген залал 1,3 млрд. теңгеден 263,2 млн. теңгеге төмендетілді.

Сонымен қатар, апелляциялық алқа сотталғандардың «Б.», «Т.Ш.», «Т.А.». әрекеттері олар жасаған іс-әрекеттер шегінде жәрдемдесу деп қайта сараланды (ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы). Оларға қатысты 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза өзгеріссіз қалдырылды.

«Т.» және «Ж.»-ға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы да бюджет қаражатының аса ірі мөлшерде ысырап болуына байланысты өзгеріссіз қалдырылды.

Источник: dknews.kz