230 rob
Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі
Алғыс айту күні қарсаңында Астана қаласы бойынша елу бір білім беру ұйымында «Даналық жобасы» аясында «Әкелер кеңесі» құрылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Кеңесті құрудағы мақсат – отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершіліктерін арттыру. Сондай-ақ тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету, деп хабарлайды DKNews.kz.
Осы мақсат аясында қаладағы барлық «Әкелер кеңесі», «Қар десанты» челенджін өткізу қолға алынып, эстафета бір-біріне жолданып келеді.
Бүгінгі таңда олардың барлығы балалары білім алып жатқан мектеп ғимаратының қарын күреп, игілікті іс-шараға бір кісідей қатысып жатыр.
Источник: dknews.kz