үй Қазақстан жаңалықтары Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік препараттардың бір жолғы әкелінуін ерекше бақылауда ұстайды

Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік препараттардың бір жолғы әкелінуін ерекше бақылауда ұстайды

0

229 rob

2022 жылы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға бір жолғы 762 дәрілік затты (ДЗ) әкелу үшін барлығы 403 рұқсат құжатын берді, деп хабарлады ОКҚ алаңында вице-министр Жандос Бүркітбаев, деп хабарлайды DKNews.kz.

Вице-министрдің айтуынша, аталған тізбеден 427 препарат шектеулі контингенттің өмірлік көрсетілімдерері бойынша сараптамалық жұмыстар жүргізу үшін – 152 ДЗ, клиникалық зерттеулер жүргізу үшін – 64 ДЗ, гуманитарлық көмек үшін – 27 ДЗ, Бірыңғай дистрибьютор сатып алу үшін – 92 ДЗ, оның ішінде орфандық ауруларды емдеуге арналған препараттаррұқсат етілген.

Бұдан басқа, бір жолғы әкелуге рұқсат беру құжаттары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, инновациялық медициналық технологияларды енгізу, оларды одан әрі іске асыру құқығынсыз көрмелер өткізу үшін беріледі.

Ол бір жолғы әкелуге рұқсат беру құжатын беру мемлекеттік қызмет болып табылатынын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілгенін, рұқсат беру құжаттарын беру Қағидаларымен және Стандартымен бекітілгенін, әкелінетін серияға өндірушіден дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын растайтын құжаттардың толық жиынтығы кезінде берілетінін атап өтті.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version