үй Қазақстан жаңалықтары Әділеттілік идеясы — бәрінің бастауы

Әділеттілік идеясы — бәрінің бастауы

7
0

106 Арман

Әділеттілік идеясы - бәрінің бастауы

Фотосурет: СР

Әділеттілік қағидаты қашанда мемлекеттік саясат жүйесінің қажетті және ажырамас құрамдас бөлігі. XVIII ғасырда неміс философы Иммануил Кант: «Әділетсіздіктен асқан біздің ашуымызға тиетін ештеңе жоқ. Біз бастан кешетін барлық басқа зұлымдықтар онымен салыстырғанда түк те емес. Әділеттілік жоғалатын болса – жердегі өмірдің мәні жоқ», — деген болатын. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында әділеттілік формуласына басымдық берілгені кездейсоқ емес, өйткені еліміздің табысты болуы халықтың мемлекетке және билікке деген сеніміне негізделеді.

«Біздің әрбір шешіміміздің, әрбір іс-әрекетіміздің негізінде әділеттілік идеясы жататын болады. Біздің басты байлығымыз бен бәсекелестік артықшылығымыз – адамдар. Сондықтан біз «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағиданы берік ұстанатын боламыз» Дей келе, Қасым-Жомарт Тоқаев өз қызметінде әділетті мемлекет, әділетті экономика және әділетті қоғамға негізделген басты үш қағидатты ұстануға ниетті екенін білдірді

Конституциялық новеллалар, атап айтқанда, Президенттің мандатын қайта сайлану құқығынсыз 7 жылға созылатын бір мерзімге шектеу елдегі саяси жаңғыру процесіне жаңа серпін берері сөзсіз. Осы орайда, Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жоспары аясында жалпыұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуге барынша бағытталу керек екенін белгілеп көрсетті.

Бұдан басқа, сайлау жүйесінде азаматтардың шынайы халықтық мәслихаттар мен парламентті қалыптастыруға қатысуын қамтамасыз ететін түбегейлі өзгерістер байқалатын болады.

«Әділетті мемлекет» қағидатының негізі ұлт игілігі үшін жұмыс істейтін, ішкі әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мен мемлекеттің сыртқы мүддесін қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік аппарат болып табылады.

«Әділетті экономиканы» қалыптастыру халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүдделерін тең қорғауға, сондай-ақ ресурстарды тиімді пайдалануға негізделеді. Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды тұғырнамасында ашық экономиканы қамтамасыз етудегі сүбелі шешімдерді атап өтті. Өңдеу секторын нығайту, өнеркәсіптің басты салаларын күшейту және жаңа бағыттарды құру өзекті міндет болады. Демек, ашық экономикалық саясат қалыптасады, бұл өз кезегінде шетелдік инвестицияларды тартуға, Ұлттық қордың активтерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. «Қазақстан халқына тиесілі нәрсенің бәрі оның мүддесіне қызмет ететін болады. Бұл үшін біз қорды тиімді басқаруды қамтамасыз етеміз, оның инвестициялық табысын арттырамыз» Қасым-Жомарт Тоқаев

Әділетті әлеуметтік саясатты жүзеге асыру – Әділетті Қазақстанды құрудың басты алғышарты. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тұжырымдамалық құжатының үшінші қағидаты мемлекеттің білім, денсаулық сақтау және халқымыздың әл-ауқаты үшін жауаптылығына арналған. Дамыған әлеуметтік инфрақұрылымды және адам әлеуетін іске асыру үшін кең мүмкіндіктерді құру бағдарламаның осы тармағына арқау болды.

Президенттің сайлауалды тұғырнамасындағы өзара байланысты үш қағидаттағы әділеттілік идеясы әділетті әлеуметтік Қазақстанды құрудың формуласы да, нәтижесі де болып табылады.

Стратегиялық бағдарламаны іске асыруға қажетті негізгі ресурстар қолымызда бар екені анық, олар – Отанға деген сүйіспеншілік, халқымыздың бірлігі және жақсы өмір сүруге деген ұмтылыс.

Экскурсия жұмысы қызметінің басшысы Шоткина Ә.Қ.

Источник: dknews.kz