үй Қазақстан жаңалықтары ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық: Қазақстан сөз бостандығы мен медиа сауаттылық жолында

ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық: Қазақстан сөз бостандығы мен медиа сауаттылық жолында

5
0

234 rob

ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық: Қазақстан сөз бостандығы мен медиа сауаттылық жолында

Фотосурет: Мәжілістің Баспасөз қызметі/ Ж.Жұмабеков

Мәжіліске Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының БАҚ бостандығы мәселелері бойынша өкілі Тереза Рибейро келді, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Ұйым делегациясын Мәжіліс  депутаттары – Асхат Аймағамбетов, Жанарбек Әшімжан, Никита Шаталов қарсы алды. Кездесуде тараптар БАҚ туралы заң жобасын талқылады. Жиынға жетекшілік еткен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша реформалар жалғасып жатқанын, оның аясында сөз қозғауға дайын екендіктерін жеткізді.   

ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық: Қазақстан сөз бостандығы мен медиа сауаттылық жолында

ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық: Қазақстан сөз бостандығы мен медиа сауаттылық жолында

Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан тәуелсіздік алғалы халықаралық ұйымдармен әріптестікті дамытып келеді. Соның ішінде осы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен белсене жұмыс атқарылуда. Әсіресе, БАҚ бостандығы мәселелері бойынша тығыз қарым-қатынастамыз. Сөз бостандығы, медианы қолдау – еліміздегі маңызды мәселенің бірі. Медиасауаттылық тақырыбы да өзекті. Бұған қатысты білім саласында үлкен реформа да жүргізген едік. «Инфодемия» ұғымының да пайда болуы бекер емес. Сондықтан осы бағытта жұмыс істеп келеміз  Асхат Аймағамбетов

ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық: Қазақстан сөз бостандығы мен медиа сауаттылық жолында

Қазақстанның медиа саласы ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, халықаралық медиа нарық дамуының жалпы ережелері мен заманауи коммуникациялар саласындағы әлемдік үрдістерді ұстанады.

ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық: Қазақстан сөз бостандығы мен медиа сауаттылық жолында

ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы мәселелері бойынша өкілі Тереза Рибейро Қазақстанда медиа саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, заңнаманы жетілдіру кезінде азаматтық қоғамның пікірін де ескеруге шақырды. 

ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық: Қазақстан сөз бостандығы мен медиа сауаттылық жолында

Осы орайда Комитет төрағасы ұйым өкілдерінің «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасының құқықтық сараптамасын жоғары бағалайтынын атап өтті. Ұсыныстарын ұлттық мүдделеріміз бен халықаралық міндеттемелерді ескере отырып қарастыратынын айтты.

Источник: dknews.kz