221 rob
Фотосурет: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Бүгін Цхалтубо қаласында (Грузия) EGMO-2024 қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Жарысқа 54 елден 212 оқушы қатысты. Қазақстан құрама командасында төрт оқушы мен екі жетекші бар, деп хабарлайды DKNews.kz.
Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан командасының қоржыны 4 медальға толықты:
Күміс медаль — Анастасия Одинцова — Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
Күміс медаль — Амира Кенбаева – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль — Арай Қасенова – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль — Аружан Батырхан — Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9 сынып оқушысы.
Айта кету керек, EGMO алғаш рет 2012 жылы Кембриджде ұйымдастырылды. Қазақстан олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді. Осы жылдарда Қазақстан құрамасы 3 алтын, 11 күміс, 12 қола медаль және 4 құрмет грамотасын иеленді.
Источник: dknews.kz