үй Қазақстан жаңалықтары Экономика 20 ақпанда Түркия мен Сирияда қайталанған зілзаладан 11 адам өліп, 700-ден астам...

20 ақпанда Түркия мен Сирияда қайталанған зілзаладан 11 адам өліп, 700-ден астам адам жараланды

27
0


20 ақпанда Түркия мен Сирияда қайталанған зілзаладан 11 адам өліп, 700-ден астам адам жараланды

ЖАҢАЛЫҚТАР 20 ақпанда Түркия мен Сирияда қайталанған зілзаладан 11 адам өліп, 700-ден астам адам жараланды Зілзаладан кейін. Түркия, ақпан, 2023 жыл Бөлісу

  20 ақпанда Түркия мен Сирияда қайталанған зілзаладан 11 адам өліп, 700-ден астам адам жараланды Бөлісіңіз

20 ақпанда таңертең Түркия мен Сирия шекарасында болған зілзаладан 11 адам өліп, 700-ден астам адам жараланған. Бұл ақпаратты Reuters жариялады.

Түркияда алты адам өлгені туралы Түкрияның табиғи апат салдарын жою басқармасына сілтеп Hurriyet газеті хабарлады. Бұл ақпаратта 294 адам зардап шеккені айтылған.

Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджаның сөзінше, 18 адам ауыр жараланған. Оларды Адана мен Дөртйол қалаларына жеткізген. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Al Arabiya телеарнасының мәліметіне қарағанда, Сириядағы зілзала кезіндегі дүрбелең салдарынан Алеппо мен Тартус қалаларында төрт адам тапталып өлген. Sky News Arabia хабарына қарағанда, тағы бір әйел Жерорта теңізінің жағасындағы Латакия қаласында өлген.

Зілзала орталығы – Түркияның Хатай провинциясының маңы. Сейсмологтер күші Рихтер шкаласы бойынша 6,4 және 5,8 балл болатын екі дүмпу болғанын хабарлаған. Соның салдарынан үйлер электр қуатынан ажырап, кейбірі қираған. Хатай провинциясының мэрі үйінді астында адам қалғанын хабарлаған.

Тағы да қайталанған зілзаладан Сирияда Алеппо және әл-Атариб қалалары зардап шеккен.

Түркия мен Сирияда таяуда ғана зілзала болып, мыңдаған адам қырылған еді.

Источник: www.azattyq.org