Фото: ғаламтордан
27 ақпанда Астанада сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтініш қабылдау басталады.
Алматы, NEGE. Бағдарламаға мына санаттағы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады:
– Білім беру саласының;
– Денсаулық сақтау саласының;
– Мәдениет және спорт саласының;
– Әлеуметтік қорғау саласының;
– Полиция департаменті және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.
Өтінішті 3 наурызға дейін «Тұрғын үй қоры» КММ сайтында беруге болады. 1 шаршы метрді жалдау құны – 1455 теңге. Пәтер 20 жылға дейінгі мерзімге жалға беріледі. Тұрғын үй жалға алу мерзімі өткеннен кейін жалға алушының меншігіне өтеді.
Источник: nege.kz