үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Ақүйде Байден мен Орталық Азия елдері басшыларының алдағы саммиті сөз болды

Ақүйде Байден мен Орталық Азия елдері басшыларының алдағы саммиті сөз болды

11
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Ақүйде Байден мен Орталық Азия елдері басшыларының алдағы саммиті сөз болды


Ақүйде Байден мен Орталық Азия елдері басшыларының алдағы саммиті сөз болды

Ақүй кеңесшісі Джейк Салливан Бөлісу

  Ақүйде Байден мен Орталық Азия елдері басшыларының алдағы саммиті сөз болды Бөлісіңіз

Ақүй кеңесшісі Джейк Салливан журналистермен өткізген брифингте АҚШ президенті Джо Байденнің Орталық Азия республикаларының басшыларымен кездесуі жөнінде әңгімелеген.

"Бұл саммит ел басшыларының бірқатар мәселелерді талқылауына мүмкіндік береді. Оның ішінде аймақтағы қауіпсіздік пен сауда және байланыс, климат өзгерісі мен заң үстемдігін жақсартуға бағытталған реформалар бар", — деді Салливан.

Журналистер сұрағына жауап берген Ақүй кеңесшісі "саммиттің қандай да бір елге қарсы бағытталмағанын" айтқан. Оның сөзінше, кездесу қорытындысы бойынша негізгі мәселелер жөнінде әрі қарайғы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме қабылданады.

АҚШ президенті мен Орталық Азия елдерінің басшылары қатысатын саммит БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йоркте сессиясы ашылар күні өтеді. Бұрын мұндай форматтағы кездесу Орталық Азия елдерінде АҚШ мемлекеттік хатшысының қатысуымен өткен.

Таяуда Орталық Азия республикаларының басшылары Душанбеде кездесіп, қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңескен. Бұл кездесуде Орталық Азиядағы адам құқығы мәселесі сөз болмаған. Батыс елдері Орталық Азия едерінің билігін "авторитарлық режим орнатты, жемқорлықты күшейтті, адам құқықтарына нұқсан келтіріп, оппозицияға қысым жасады" деп айыптайды.

Источник: www.azattyq.org