үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Ақтөбеде апелляциялық сот Қаңтардан соң ұзақ жылға сотталған Исаев пен Қамидің үкімін...

Ақтөбеде апелляциялық сот Қаңтардан соң ұзақ жылға сотталған Исаев пен Қамидің үкімін өзгертпеді

15
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Ақтөбеде апелляциялық сот Қаңтардан соң ұзақ жылға сотталған Исаев пен Қамидің үкімін өзгертпеді


Ақтөбеде апелляциялық сот Қаңтардан соң ұзақ жылға сотталған Исаев пен Қамидің үкімін өзгертпеді

Ақтөбеде Қаңтар оқиғасынан кейін сотталғандардың жақындары апелляциялық соттың шешіміне қарсы шығып тұр. 12 сәуір 2023 жыл. Бөлісу

  Ақтөбеде апелляциялық сот Қаңтардан соң ұзақ жылға сотталған Исаев пен Қамидің үкімін өзгертпеді Бөлісіңіз

12 сәуірде Ақтөбе облыстық сотының апелляция алқасы Қаңтар оқиғасынан соң сотталған ақтөбеліктердің үкімін түгел дерлік өзгеріссіз қалдырды. Үкімі өзгермегендердің қатарында 15 жылға сотталған Нұрсұлтан Исаев пен 4 жылға сотталған Дархан Қами бар.

Апелляция алқасы Дархан Қами жазасын режимі қатаң колонияда өтеуге жіберді. Бірінші инстанция Қами жазасын өтейтін орын қауіпсіздігі орташа колония деп бекіткен еді.

"Дархан Қами – бұған дейін де ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған азамат. Жаза тағайындалған кезде оның іс-әрекетіндегі қылмыстың қайталануы ескерілді" деді сот.

Сот биыл 1 ақпанда Қаңтар оқиғасына байланысты 16 ақтөбелікті тоғыз айлық шартты жазадан бастап, 15 жыл түрме жазасына кескен еді, екі адам ақталған. Сотталушылардың арасынан сегіз адам үкіммен келіспей, апелляция алқасына шағымданған. Прокурор екі сотталушы Ернұр Әжниязов пен Асланбек Омаровтың ақталып шығуына наразылық білдіріп, апелляция түсірген. Осылайша жалпы саны он азаматтың ісі апелляция алқасына жетті. Сот сотталғандардың да, прокуратураның да апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.

Апелляция алқасы Қаңтар оқиғасынан кейін 15 жылға сотталған ақтөбелік Нұрсұлтан Исаевтың кінәсі сот тергеуі кезінде дәлелденген деп санайды. Соттың пікірінше, Исаев алаңда көліктің жылдамдығын әдейі арттырып, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Нұрсұлтан Исаевтың туыстары апелляция алқасынан қылмыстық істің қайта дәрежеленуін сұраған еді. Апелдяция алқасының қаулысына риза емес Исаевтар енді жоғарғы сотқа шағымданбақ. Олар "оқиға абайсызда болғанын, жеңіл жарақаттанған полицейлер Нұрсұлтан Исаевқа еш кінә артпағанын" айтады.

Нұрсұлтан Исаев (суретте) сот залындағы әйнек қоршаудың ішінде отыр. Ақтөбе, 14 қазан 2022 жыл.

Ал соттың пікірінше, полиция қызметкерлері арнайы құрал-жабдық яғни, оқ өтпейтін жилет, қалқан мен касканың арқасында ғана жеңіл жарақат алып, аман қалған.

Исаевтың туыстары мен жақтастары, жалпы саны жиырма шақты адам, бүгін, 12 сәуірде Ақтөбе облыстық соты орналасқан ғимарат алдында наразылық білдірді. Олар "Билік бас көтергеннің бәрін аяусыз соттап, халықты үрейлендіргісі келеді. Исаев – саясат құрбаны" деп ашына сөйледі. Наразыларды қарапайым киінген адамдар видеоға түсіріп тұрды.

Источник: www.azattyq.org