үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Ақтөбеде дизель қымбат деген фермерлерді әкімдік «басқа облыстардан арзан» деп жұбатуға тырысты

Ақтөбеде дизель қымбат деген фермерлерді әкімдік «басқа облыстардан арзан» деп жұбатуға тырысты

7
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Ақтөбеде дизель қымбат деген фермерлерді әкімдік "басқа облыстардан арзан" деп жұбатуға тырысты


Ақтөбеде дизель қымбат деген фермерлерді әкімдік "басқа облыстардан арзан" деп жұбатуға тырысты

Дизель отынын арзандатуды талап етіп тұрған шаруалар. Ақтөбе қаласы, 24 шілде 2023 жыл Бөлісу

  Ақтөбеде дизель қымбат деген фермерлерді әкімдік "басқа облыстардан арзан" деп жұбатуға тырысты Бөлісіңіз

24 шілдеде Ақтөбе қаласындағы фермерлер қауымдастығы кеңсесінің алдына жиналған отыз шақты фермер дизель отынының қымбаттағанына наразылық білдірді.

Шаруалар Астанаға хат жолдап, жеңілдікпен берілетін дизель отынын арзандатуды талап етпек.

— Көктемде сәләркіні 207 теңгеден алдық. Қазір 265 теңге болды. Бір тонна сәләркінің шығын жабу үшін төрт тонна бидай сатуым керек екен. Көктемгі, күзгі жұмыстарды қоса есептегенде шаруашылығыма 300 тонна дизель отыны керек. Оған механизаторлардың жалақысын, тамағын, салықты қосыңыз. Қосалқы бөлшек те қымбаттап жатыр,- дейді Хромтау фермері Мақсат Лиманов.

Ақтөбе облысының Алға ауданынан келген Арыстанбек Құлбаланың сөзінше, ол осыдан бес жыл бұрын трактордың насосын 7 мың теңгеден алып жүрген. Тап сол бөлшек қазір 55 мың теңге.

-Былтыр күзде жеңілдікпен берілетін дизель отыны 191 теңге болды. Ал биыл күзде 265-тен бір-ақ шығып отыр. Қымбатшылық осы күйі кете беретін болса, мал ұстай алмаймыз. Қазірдің өзінде қолдағы малдың 80-85 пайызын сатуға шығарып отырмын. Өйткені, малға азық дайындау керек. Ал сәләркі қымбат. Еттің бағасы өзгерген жоқ. Сиыр етінің келісін алыпсатарларға 1800-1900 теңгеден беріп жүрміз. Табысымыз шығынымызды ақтамайды, -дейді Алға ауданындағы "Бесата" шаруа қожалығының жетекшісі Қайрат Атыраубаев.

Источник: www.azattyq.org