үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қаңтар бойынша күдікке ілінген генерал Серік Күдебаев шетелге қашып кеткен, оған халықаралық...

Қаңтар бойынша күдікке ілінген генерал Серік Күдебаев шетелге қашып кеткен, оған халықаралық іздеу жарияланды

11
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Қаңтар бойынша күдікке ілінген генерал Серік Күдебаев шетелге қашып кеткен, оған халықаралық іздеу жарияланды


Қаңтар бойынша күдікке ілінген генерал Серік Күдебаев шетелге қашып кеткен, оған халықаралық іздеу жарияланды

Серік Күдебаев. Бөлісу

  Қаңтар бойынша күдікке ілінген генерал Серік Күдебаев шетелге қашып кеткен, оған халықаралық іздеу жарияланды Бөлісіңіз

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал Серік Күдебаев бүгін, 3 сәуірде сот отырысына келмеген. Бұл жөнінде Zakon.kz хабарлады.

Басылымның жазуынша, Талдықорған қалалық сотының судьясы Серік Күдебаев 23 наурызда көршілес Қырғызстанға өтіп, Манас әуежайы арқылы Түркияға ұшып кеткені туралы шекара қызметінің мәліметін хабарлаған.

Серік Күдебаев Қазақстаннан кетіп қалғаны туралы ақпарат бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде тарай бастаған.

Судьяның сөзінше, 9 наурызда Күдебаев "қан қысымы жоғары" деген диагнозбен ауруханаға жатқызылған. Оның денсаулығына байланысты сот отырысы бірнеше рет кейінге қалған. Сот бұл жолы Күдебаевты мәжбүрлеп әкелу туралы шешім шығарған.

Алайда бүгінгі сот отырысында Серік Күдебаевтың Қазақстанда жоқ екені мәлім болды. Осыған байланысты прокурор Күдебаевқа қатысты істі тоқтата тұруды, іздеу жариялауды сұраған.

Прокурор бұған дейін, 28 ақпанда Серік Күдебавты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

31 наурызда судья Күдебаевқа халықаралық іздеу жариялап, оның бұлтартпау шарасын "қамауға алуға" ауыстыру туралы қаулы шығарған. Бұған қоса, сотталушы Күдебаевтың қайда екені белгісіз болғандықтан, істі уақытша тоқтатып, прокурорға қайтару туралы шешім қабылданған.

2022 жылғы мамырда Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасы бойынша күдіктілердің біріне айналған. Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің үш департаменті мен полицияның екі департаментінің басшысы үстінен іс қозғалып, оларға Қаңтар оқиғасы кезіндегі "әрекетсіздігі үшін" айып тағылған.

Қаңтар оқиғасынан кейін ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов пен қорғаныс министрі Мұрат Бектанов та қамауға алынған. Кәрім Мәсімов ісі әлі жалғасып жатыр, Мұрат Бектанов 12 жылға бас бостандығынан айырылған.

Серік Күдебаев Алматы облыстық полиция департаменті бастығы қызметіне 2020 жылғы қаңтарда тағайындалған. 2022 жылы 5 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "азаматтардың өміріне тікелей қауіп төнуіне байланысты" Алматы облысында төтенше жағдай жариялап, комендант сағатын енгізген. Алматы облысының коменданты болып Серік Күдебаев тағайындалған. Күдебаев облыстық полиция департаментінің бастығы қызметінен 2022 жылы 18 ақпанда босатылған.

Источник: www.azattyq.org