үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қаңтар бойынша сауалнама: халықтың басым бөлігі ескертусіз оқ атуды және азаптауды құптамайды

Қаңтар бойынша сауалнама: халықтың басым бөлігі ескертусіз оқ атуды және азаптауды құптамайды

24
0


Қаңтар бойынша сауалнама: халықтың басым бөлігі ескертусіз оқ атуды және азаптауды құптамайды

ЖАҢАЛЫҚТАР Қаңтар бойынша сауалнама: халықтың басым бөлігі ескертусіз оқ атуды және азаптауды құптамайды Алматы алаңындағы автомат кезенген солдаттар. 6 қаңтар, 2022 жыл Бөлісу

  Қаңтар бойынша сауалнама: халықтың басым бөлігі ескертусіз оқ атуды және азаптауды құптамайды Бөлісіңіз

Demoscope қоғамдық пікірді зерттеу бюросы "Қазақстандықтардың Қаңтар оқиғасына көзқарасы" деген тақырыпта жүргізген сауалнама нәтижесін жариялады. Оған сенсек, қазақстандықтардың жартысынан астамы ресми ақпаратқа сенбейді және оқиғаның қайғылы аяқталуына жоғары билік пен құқық қорғау органдары кінәлі деп санайды. Demoscope зерттеуіне қарағанда, Қазақстан қоғамының басым бөлігі ескертусіз оқ ату бұйрығын да, ұсталғандарды азаптау әрекетін де қолдамайды.

Сауалнама нәтижесіне қарағанда, азаматтардың 71,1 пайызы Тоқаевтың "наразы жұртқа ескертусіз оқ ату бұйрығын қолдамайды". Ал 11,3 пайызы керісінше бұл шешімді құптаса, 11,1 пайызы "жауап беруге қиналған", ал 6,5 пайызы бұл туралы "мүлде білмеймін" деп жауап берген.

Бұдан бұрын Human Rights Watch халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы Қазақстанның күш органдары 2022 жылғы 4-6 қаңтар аралығында кемінде төрт рет шектен тыс күш қолданғанын, соның ішінде тікелей қауіп төндірмеген наразыларға оқ атқанын мәлімдеген. Құқық қорғау ұйымының мәліметі бойынша, күш органдары осы жолмен 10 адамды өлтірген. Бұл соңғы дерек емес, себебі мұндай оқиғалар бұдан әлдеқайда көп болған болуы мүмкін.

Demoscope зерттеуінде Қаңтар оқиғасына байланысты азапталғандар туралы да айтылады.

"Қазақстандықтардың 71,6 пайызы азаптау әдісі қолданылғанына наразы. Сұралғандардың 7,1 пайызы азаптау әдісі орынды қолданылған деп санайды. 12,5 пайызы "сұраққа жауап бере алмаймын" десе, 8,8 пайызы бұл туралы ештеңе білмейтін болып шықты" деп жазылған есепте.

Зерттеу авторларының ойынша, қоғамдық пікірдің маңызды көрсеткіші – Қаңтар оқиғасы жайлы ресми орындар таратып жатқан ақпаратқа деген халықтың сенім деңгейі.

Источник: www.azattyq.org