ЖАҢАЛЫҚТАР Қаңтар оқиғасы кезінде "кетіп қалған" Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин Атырау қаласының әкімі болды
Атырау облысы Мақат ауданының бұрынғы әкімі Шәкір Кейкин. Фото Атырау облысы әкімдігінің сайтынан алынды. Бөлісу
Қаңтар оқиғасы кезінде "кетіп қалған" Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин Атырау қаласының әкімі болды Бөлісіңіз
Бүгін, 10 шілдеде Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен Атырау қаласының әкімі лауазымына Шәкір Кейкин тағайындалды. Бұл ақпарат Атырау облысы әкімідігінің сайтына шықты. Сайт ақпаратына қарағанда, Шәкір Кейкин Атырау қаласының әкімі лауазымына Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалған.
1970 жылы туған Шәкір Кейкін 2019 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың наурызына дейін Атырау облысы Мақат ауданының әкімі болған. Одан кейін сауда және интеграция министрлігі сауда департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Атырау облысы әкімі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, облыс әкімі Серік Шәпкенов Шәкір Кейкиннің тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы саласында және мемлекеттік басқару қызметінде үлкен тәжірибесі бар екенін ескерген.
Шәкір Кейкиннің аты-жөні 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде жиі аталған.
Источник: www.azattyq.org