үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғанда азапталғандар Алматыға келіп, кінәлілерді жазаға тартуды талап етті

Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғанда азапталғандар Алматыға келіп, кінәлілерді жазаға тартуды талап етті

0

ЖАҢАЛЫҚТАР Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғанда азапталғандар Алматыға келіп, кінәлілерді жазаға тартуды талап етті

Қаңтар оқиғасы кезінде азапталғандар қатысқан баспасөз мәслихаты. Алматы, 14 наурыз, 2023 жыл. Бөлісу

  Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғанда азапталғандар Алматыға келіп, кінәлілерді жазаға тартуды талап етті Бөлісіңіз

Бүгін, 14 наурызда Қаңтар оқиғасынан кейін Талдықорғанда азапталғандар баспасөз мәслихатын өткізіп, кінәлілерді жазаға тартуды талап етті. Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі бюро залына жиналғандар "азаптады" деп танылған күдіктілер жазасыз жүргеніне наразы екенін айтты.

Баспасөз мәслихатына Қаңтар оқиғасынан кейін ыстық үтікпен азапталған Азамат Батырбаев қатысты. Оның ісі бойынша бір күдікті қамауға алынған. Азамат Батырбаев "Қаңтар оқиғасынан кейін өзін азаптағандар бойынша қылмыстық іс қозғалғанына бір жылдан асып кетсе де, әлі анығына жетпегенін" айтты.

"Мені азаптады деп арыз жаздым. Бірақ прокуратура бір адамның арызы аз екенін айтып, күдіктіге қатысты үш адам арыз жазуы керек деді. Қарапайым халық бір адамды ұрса, сол күні жазасын алады. Ал бізге жеткіліксіз дейді. Азаптағандар жазасын алса екен" деді ол.

Азамат Батырбаев Талдықорғанда Қаңтар оқиғасынан кейін "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген күдікпен қамауға алынған. Кейін Батырбаев "кінәсін мойындап", тергеумен келісімге келгені хабарланған. Осыдан соң Талдықорған қаласының соты оны 4,5 жыл шартты жазамен босатқан.

Источник: www.azattyq.org

Exit mobile version