ЖАҢАЛЫҚТАР Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда "полиция ғимаратынан қару ұрлады" деп айыпталған алты адам сотталды
Қаңтар оқиғасы кезінде өртенген Алматы облыстық әкімдігі ғимараты. Талдықорған, 12 қаңтар, 2022 Бөлісу
Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда "полиция ғимаратынан қару ұрлады" деп айыпталған алты адам сотталды Бөлісіңіз
Талдықорған қалалық соты Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысы департаменті ғимаратынан "қару-жарақ ұрлады" деп айыпталған алты адамды үш жыл бостандығынан айырып, қатаң режимдегі колонияға жіберді. Бұл туралы 25 қыркүйекте Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарда сотталушылардың аты-жөні, жасы көрсетілмеген. Соттың мәліметінше, екі адам дүрбелең кезінде полиция ғимаратынан атыс қаруы мен оқ-дәрі ұрлаған және оны сатпақ болған. Сатып алушыларды іздеуге тағы төрт адам қосылған. Оның екеуі "сатып алушымен" кездесіп, миллион теңгеге екі автомат пен оғы бар карабин ұсынған. Сот ақпаратына қарағанда, сатып алушы қауіпсіздік күштерінің арнайы агенті болған.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Қыркүйек айының басында Тараз қаласының соты үш полиция қызметкерін төрт жылға бостандығынан айырып, төртіншісіне рақымшылық жасады, тағы біреуі іс-әрекетінде "қылмыстық құқықбұзушылық болмауына" байланысты ақталды. Ақпаратқа қарағанда, сот 2022 жылы 6 қаңтарға қараған түні Жамбыл облысының полиция басқармасы мен полиция департаменті ғимаратына шабуыл жасалғаны анықталған. Ішкі істер органдарындағы лауазымды адамдардың әрекетсіздігінен тапанша, оқ-дәрі және арнайы құралдар "ұрланып, жоғалған", салдарынан мемлекетке ірі көлемде материалдық залал келген" деп хабарлады Тараз қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.
Источник: www.azattyq.org