үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қаңтар оқиғасына байланысты үйқамақта отырған Әйгерім Тілеужан сайлаудан қайта шеттетілді

Қаңтар оқиғасына байланысты үйқамақта отырған Әйгерім Тілеужан сайлаудан қайта шеттетілді

0

ЖАҢАЛЫҚТАР Қаңтар оқиғасына байланысты үйқамақта отырған Әйгерім Тілеужан сайлаудан қайта шеттетілді

Жалғыз адам акциясын өткізіп тұрған Әйгерім Тілеужан. Алматы, 3 қараша, 2020 жыл Бөлісу

  Қаңтар оқиғасына байланысты үйқамақта отырған Әйгерім Тілеужан сайлаудан қайта шеттетілді Бөлісіңіз

Парламент мәжілісі депутаттығына кандидат болып тіркеліп, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына кіріскен қоғам белсендісі Әйгерім Тілеужанды сайлаудан тағы да шеттетті. Осыдан екі апта бұрын ғана сайлаудан бір шығарып, қайта қосқан.

Әйгерім Тілеужанға 11 наурызда Алматыдағы №3 бірмандатты аумақтық сайлау округі "табыс декларациясындағы мәліметтердің сәйкессіздігі анықталуына байланысты мәжіліс депутаттығына кандидаттыққа тіркеуден шығарылатыны" туралы хаттама берген.

– Салық органдарына жіберген құжаттарда "сәйкессіздік" бар дейді, бірақ оның қандай "сәйкессіздік" екенін айтпады. Комиссия Семей қаласының мемлекеттік кірістер басқармасынан келген хатқа сілтеме жасаған, алайда бізге ол не хат екенін де көрсеткен жоқ, – дейді адвокат Айнара Айдарханова.

Адвокаттың сөзінше, ол комиссия шешімін сотқа берген. Шағым заң бойынша бір аптаның ішінде қаралуға тиіс.

Әйгерім Тілеужан бұған дейін де сайлаудан шеттетіліп, сайлауалды үгіт-насихат басталғаннан 10 күн өткен соң қайта қосылған. Ол кезде комиссия Әйгерім Тілеужанның сайлау жарнасын төлегені туралы банк мәліметіне күмән келтірген. Бұған қоса, Қаңтар оқиғасы кезінде "Алматыдағы әуежайды басып алмақ болды" деп айыпталған Әйгерім Тілеужан прокуратурадан қазір үйқамақта отырғаны себепті өзінің сайлауға қатысуы "тергеу мен сотқа әсер ететіні" жайлы хат келгенін де айтқан.

Алайда 27 ақпанда Жоғарғы сот банкке сұрау салып, қаржы түскенін растаған, сонымен бірге заң бойынша, азамат үйқамақта болғаны оның үміткер ретінде тіркелуіне кедергі емес екенін түсіндірген және Әйгерім Тілеужанның "мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде сайлауға қатысуына кедергі жоқ" деген шешім шығарған. Осыдан кейін үміткер сайлау алдындағы үгіт-насихатына кіріскен.

Источник: www.azattyq.org

Exit mobile version