үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қаңтар оқиғасынан кейін азапталып, көзінен айырылған Ермек Әбдірешовтің өтемақы жөніндегі соты басталды

Қаңтар оқиғасынан кейін азапталып, көзінен айырылған Ермек Әбдірешовтің өтемақы жөніндегі соты басталды

14
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Қаңтар оқиғасынан кейін азапталып, көзінен айырылған Ермек Әбдірешовтің өтемақы жөніндегі соты басталды


Қаңтар оқиғасынан кейін азапталып, көзінен айырылған Ермек Әбдірешовтің өтемақы жөніндегі соты басталды

Ермек Әбдірешов Бөлісу

  Қаңтар оқиғасынан кейін азапталып, көзінен айырылған Ермек Әбдірешовтің өтемақы жөніндегі соты басталды Бөлісіңіз

Бүгін, 4 шілде Астана қалалық әкімшілік сотында Қаңтар оқиғасы кезінде жараланып, әрі азаптауға ұшырап, екі көзінен айырылған 38 жастағы Ермек Әбдірешовтың өтемақы туралы талап арызына байланысты сот басталды.

Бұған дейін Әбдірешов қылмыстық қудалау кесірінен келтірілген моральдық, материалдық шығынды өндіру үшін сотқа арыз жазған. Іс өндіріске қабылданған.

Сотқа Ермек Әбдірешовтің өзі, адвокаты Маржан Аспандиярова, жауапкер ретінде қаржы министрлігінің өкілі Мүнира Кәрімова, прокурор мен баспасөз өкілдері қатысты.

Адвокат Маржан Аспандиярова қорғауындағы Ермек Әбдірашевтің бүгінгі хал-ахуалын, көрген қиындығы мен құқық қорғау органдарынан тартқан жәбірін айтып, өтемақы сұраудың заңды негіздерін баяндады.

-Заңсыз қамауға алынғаны үшін 3 миллион 200 мың теңге, денсаулығын қалпына келтіру үшін жұмсаған 9 миллион 100 мың теңгесін, заңсыз қылмыстық қудалану кезінде адвокатқа төлеген 500 мың теңгесін, азаматтық іс бойынша жұмсаған 200 мың теңгесін қайтарып, Қазақстан үкіметінің өкілі ретінде қаржы министрлігінен 25 миллион теңге моральдық шығын өндіріп беруді сұраймыз,- деді Маржан Аспандиярова.

Сотта Ермек Әбдірешовтің өзі де сөйлеп, бұл ақшаны пайда көру үшін сұрап отырмағанын, көзінің мүгедек болып, зейнеткер әке-шешесіне қарап қалғанын айтып, осы жағдайға жеткізген мемлекеттің заңсыз әрекеті деп санайтынын білдірді.

Алайда сотқа жауапкер ретінде келіп отырған қаржы министрлігінің өкілі Мүнира Кәрімова "өтемақыны Әбдірешовтің денсаулығына зиян келтірген ведомстводан сұрау керек" деген уәж айтты.

Сотқа қатысқан прокурор талап-арызды ішінара ғана қолдады. Прокурордың сөзінше, Ермек Әбдірешовқа 2 миллион теңге моральдық шығын және 200 мың теңге адвокат шығыны төленуге тиіс.

Адвокат Маржан Аспандиярованың айтуынша, Ермек Әбдірешовке қазірге дейін Қазақстан үкіметі ешқандай көмек көрсетпеген, Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендерге қаржылай көмектесіп жатқан "Қазақстан халқына" қоры да әртүрлі құжат сұрап, қаржы бөлмеген.

Судья Назгүл Арапбаева сот шешімін кейінге қалдырды.

Биыл мамыр айының соңында Алматы прокуратурасы негізсіз қылмыстық қудалағаны үшін Ермек Әбдірешовтан кешірім сұрап, арнайы прокурорлар басқармасының басшысы Қанат Күнғожинов ресми хабарлама жазған.

"Сіздің (Ермек Әбдірешовтің) үстіңізден қозғалған қылмыстық қудалау дәлелденбеуіне байланысты 2022 жылдың 8 қыркүйегінде тоқтатылды. Келтірілген материалдық, моральдық шығынның өтеуін сұрауға құқығыңыз бар. Қылмыстық процесті жүргізген органның атынан сізге келтірілген зиян үшін ресми түрде кешірім сұраймын" делінген прокуратура хабарламасында.

– Билік кінәсін мойындаса да, кешірім сұрауға асықпады. Ресми кешірім сұрады дегенде қатты қуандым дей алмаймын. Дегенмен де ақиқаттың ашылғаны көңіліңе жағады. Әрине, қанша жерден кешірім сұрап, қанша өтемақы берсе де, көрген азабым мен қазіргі жағдайымның өтеуін бере алмайды, көз жанарымды қайтара алмайды, – деген еді Ермек Әбдірешов.

37 жастағы Ермек Әбдірешов былтыр 5 қаңтарда Алматыдағы дүрбелең кезінде жараланды. Дәрігерлер оң көзін алып тастаған, сол көзі тергеу изоляторында азаптаудан кейін мүлде көрмей қалған. Әбдірешовті тергеу изоляторына ауруханада жатқан жерінен арнайы жасақ күштеп алып кеткен. Оған "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген айып тағылған. Ол Азаттыққа изоляторда азапталғанын айтты.

Әбдірешов тоғыз ай тергелген. Кінәсі дәлелденбеген соң, іс тоқтатылған. Құқық қорғаушылардың дерегінше, қаңтарда жазықсыз қамалып, кінәсі дәлелденбеген төрт адамнан прокуратура кешірім сұраған. Тағы төрт адамға сот өтемақы тағайындаған.

Источник: www.azattyq.org