үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қаңтар оқиғасында Алматы әкімдігі мен президент резиденциясына жасалған «шабуыл» жөнінде сот тыңдауы...

Қаңтар оқиғасында Алматы әкімдігі мен президент резиденциясына жасалған «шабуыл» жөнінде сот тыңдауы басталды

9
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Қаңтар оқиғасында Алматы әкімдігі мен президент резиденциясына жасалған "шабуыл" жөнінде сот тыңдауы басталды


Қаңтар оқиғасында Алматы әкімдігі мен президент резиденциясына жасалған "шабуыл" жөнінде сот тыңдауы басталды

Алдын ала сот тыңдауы. Наурызбай аудандық соты. Алматы қаласы, 23 қыркүйек 2023 жыл. Бөлісу

  Қаңтар оқиғасында Алматы әкімдігі мен президент резиденциясына жасалған "шабуыл" жөнінде сот тыңдауы басталды Бөлісіңіз

Алматының Наурызбай аудандық сотында Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда "жаппай тәртіпсіздікке қатысты", “ғимаратқа шабуылдады”, "билік өкіліне күш көрсетті" деп айыпталып жатқан 11 адамның ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. Айыпталушылардың біреуі абақтыға қамалған.

Айыпталушылардың алды 53 жаста, ең кішісі 22 жаста: Серікбол Орынғазы (1970 жыл), Рысбек Мамыров (1975 жыл), Арман Әлімбеков (1975 жыл), Әбидолла Таубай (1978 жыл), Нұртас Қаранеев (1981 жыл), Қосай Маханбаев (1983 жыл), Серік Кекілбаев (1987 жыл), Нұрсұлтан Байкісиев (1989 жыл), Ақжол Жандарбеков (1991 жыл) Дәурен Бакиев (1999 жыл), Тұрсынбай Алпысбаев (2001 жыл)

Олардың барлығына Қылмыстық кодекстің 272-бабының ("Жаппай тәртіпсіздік") 2-бөлігі ("Жаппай тәртіпсіздікке қатысу"), 269-бабының ("Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу") 3-бөлігі ("өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдану арқылы") бойынша айып тағылған.

Источник: www.azattyq.org