ЖАҢАЛЫҚТАР Қаңтардан кейін Талдықорғанда азаппен өлтірілген Алмас Мұқашев ісі бойынша ҰҚҚ қызметкерлері сотталды
Алмас Мұқашев Бөлісу
Қаңтардан кейін Талдықорғанда азаппен өлтірілген Алмас Мұқашев ісі бойынша ҰҚҚ қызметкерлері сотталды Бөлісіңіз
Бүгін, 20 шілдеде Талдықорған қалалық соты Қаңтар оқиғасынан кейін қамауда азапталып өлтірілген Алмас Мұқашев ісі бойынша үкім шығарып, ҰҚК-нің екі қызметкерін соттады.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Берден Қадырдың Азаттыққа айтуына қарағанда, ҰҚК қызметкері Әнет Байтұрсыновты "Алмас Мұқашевті азаптап өлтірді" деген айыппен 10 жылға бостандығынан айырған. "Естіген ақпаратын тиісті органға хабарламаған" деген айыппен ҰҚК-нің тағы бір қызметкері Андрей Сорокиннің бостандығын 4 жылға шектеп, пробациялық бақылау белгілеген.
— Айыптаушы прокурор Әнет Байтұрсыновты 11 жылға, Андрей Сорокинді 3 жылға бостандығынан айыруды сұраған болатын, — деді Берден Қадыр.
2022 жылы Талдықорғанда Қаңтар оқиғасы саябырлаған соң, 8 қаңтарда полиция Алмас Мұқашевті көшеде әйелімен кетіп бара жатқанда күшпен әкеткен. 9 қаңтарда туыстары Талдықорғандағы құқық қорғау органдарын іздеп таба алмаған.
13 қаңтарда полиция Алмасты іздеп, үйіне келген. Бес күннен соң Алмастың сүйегін туыстары мәйітханадан белгісіз адамдардың арасынан тапқан. Олардың сөзінше, Алмас Мұқашевты ұстап әкеткенде қалтасында құжаттары болған.
Источник: www.azattyq.org