үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Абай облысында өрттен зардап шеккендерге Алматы еріктілері көмек жинауға кірісті

Абай облысында өрттен зардап шеккендерге Алматы еріктілері көмек жинауға кірісті

19
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Абай облысында өрттен зардап шеккендерге Алматы еріктілері көмек жинауға кірісті


Абай облысында өрттен зардап шеккендерге Алматы еріктілері көмек жинауға кірісті

Абай облысындағы орман өртінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап жүрген еріктілер. Алматы, 13 маусым, 2023 жыл Бөлісу

  Абай облысында өрттен зардап шеккендерге Алматы еріктілері көмек жинауға кірісті Бөлісіңіз

Алматыда еріктілер тобы Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге арнап гуманитарлық көмек жинауға кіріскен. Қала тұрғындары ұзақ сақталатын азық-түлік пен гигиена заттарын жинап жатыр.

Көмек жинаумен шұғылдан жүрген "Қамқор" еріктілер тобының өкілі Айнұр Трайсбаеваның айтуынша, кеше басталған қайырымдылық шарасы бүгін қарқын ала түскен. Бұл істі Алматыдағы басқа да бірнеше еріктілер тобы қолдаған.

– Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмектесікі келетіндер көбейгендіктен, Семей еріктілерінің штаб-пәтерінен қажет заттар тізімін алдық. Қазір бізге тез бұзылмайтын азық-түлік пен респираторлық маскалар, түнде елсіз жерде ұйықтауға арналған қапшықтар көбірек қажет. Акция енді ғана басталғандықтан, қала тұрғындары біртіндеп келіп жатыр. Ертеңнен бастап көбейеді деп отырмыз. Әуекомпаниялармен келісіп қойдық, олар біздің көмегімізді жеткізуге уәде берді, – дейді Айнұр Трайсбаева.

Источник: www.azattyq.org