ЖАҢАЛЫҚТАР Алматы қалалық соты кісі өлтірген адамды 2 жылға соттаған судья Мартбек Кәкімжановтың үкімін бұзды
Судья Мартбек Кәкімжанов Бөлісу
Алматы қалалық соты кісі өлтірген адамды 2 жылға соттаған судья Мартбек Кәкімжановтың үкімін бұзды Бөлісіңіз
Алматы қалалық соты мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Мартбек Кәкімжанов шығарған үкімнің күшін жойды. Мұны адвокат Жохар Өтебеков Facebook парақшасына жазды.
Адвокат сөзінше, іс мамандандырылған ауданаралық соттағы басқа судьяның қарауына жіберген.
2 маусымда Мартбек Кәкімжанов Алматы тұрғыны Владимир Кретовті екі жыл колонияға жіберу туралы үкім шығарған. Оған 2022 жылы қараша айында Евгения Афанасьеваны өлтірді деген айып тағылған. Тергеу мәліметіне қарағанда, Кретов мас күйде Афанасьеваны 16 рет пышақтаған.
Қылмыстық іс "қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша тергелген, бірақ судья айыпты "өзін-өзі қорғау шегінен асып кеткен" деп өзгерткен. Афанасьеваның туыстары сот шешіміне келіспей, шағым түсірген. Прокурор да қарсы болған.
Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Мартбек Кәкімжанов таяуда Қаңтар оқиғасы кезінде "әуежайды басып алу" ісін қараған. Биыл наурызда басталған сот таяуда аяқталып, Кәкімжанов аудармашы Әйгерім Тілеужанды 4 жылға, мұғалім Қалас Нұрпейісов пен тағы да үш адамның әрқайсысын 8 жылға бостандықтарынан айырған. Айыпталушылар өздеріне тағылған айыптың саяси астары бар деп мәлімдеген.
Источник: www.azattyq.org