ЖАҢАЛЫҚТАР Алматы соты бұрынғы әйелін өлтірген адамға шыққан үкімнің күшін жойды
Көрнекі сурет Бөлісу
Алматы соты бұрынғы әйелін өлтірген адамға шыққан үкімнің күшін жойды Бөлісіңіз
Алматы қалалық соты заңгер Айман Асанова өлімі бойынша айыпталушыға шыққан үкімнің күшін жойып, қайта қарауға жіберді. Бұл туралы адвокат Джохар Өтебеков Facebook парақшасына жариялады.
"9 ай мерзімі өтіп, бостандыққа шыққалы отырған Нұртаев уақытша қамау изоляторында қалатын болды. Іс аудандық сотта қайта қаралады. Майшинов емес, басқа судья қарайды",- деп жазды адвокат.
Бұған дейін сот Айман Асанованың бұрынғы күйеуін 1,5 жыл колонияға жіберген. Ол Айман Асанованы 18 рет пышақтағаны сот кезінде белгілі болған. Туыстары сот үкімімен келіспей апелляциялық шағым түсірген.
Адвокат Джохар Өтебеков әлеуметтік желідегі парақшасына Айман Асанованы өлтірген сәт көрінетін видео жариялаған.
"Видео соңын қараңыздар. Нұртаев Айманның қимылдап жатқанын байқап қалып, қайта барып пышақтаған. Бұл видеоны туыстарының келісімімен жарияладым. Судья Майшинов осыны көре тұра қалайша 1,5 жыл ғана жаза кескен?"- дейді адвокат.
Джохар Өтебековтің сөзінше, сот үкіміне прокуратура да қарсылық білдірмеген. Алматы прокуроры Жүйріктаев Айман асанованың туыстарын қабылдамаған және адвокат хатына жауап бермеген. Алматы прокуратурасы бұл жайт туралы түсінік берген жоқ.
Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылық үлкен мәселенің бірі болып отыр. Статистикаға қарағанда, полицияға тұрмыстағы зорлық-зомбылық жайлы әйелдерден жыл сайын 100 мыңнан аса шағым түседі.
Источник: www.azattyq.org