үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Алматыда алаңға шыққан белсенділер жаңаөзендік мұнайшыларға қолдау білдірді

Алматыда алаңға шыққан белсенділер жаңаөзендік мұнайшыларға қолдау білдірді

12
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Алматыда алаңға шыққан белсенділер жаңаөзендік мұнайшыларға қолдау білдірді


Алматыда алаңға шыққан белсенділер жаңаөзендік мұнайшыларға қолдау білдірді

Жаңаөзендік мұнайшыларға қолдау білдіріп, Республика алаңына шыққан белсенділер. Алматы, 12 сәуір, 2023 жыл Бөлісу

  Алматыда алаңға шыққан белсенділер жаңаөзендік мұнайшыларға қолдау білдірді Бөлісіңіз

12 сәуір күні Алматыдағы Республика алаңына 10-нан астам белсенді жиналып, сейсенбіде Астанада тұрақты жұмыс беруді талап еткен жаңаөзендіктерге полицияның күш көрсеткен әрекетін айыптады.

– Кеше Жаңаөзеннен [Астанаға] жұмыссыз қалғанын айтуға барған азаматтарды күштеп ұстаған көріп, алаңдадық. Олар біздің мемлекеттің азаматтары, өз қазағымыз. Соған дауысымызды жеткізу үшін келдік, – деді Республика алаңына келгендердің бірі Асылбек Қараев.

Былтырғы Қаңтар оқиғасы билікке сабақ болмапты деген белсенділер бұрынғыдан ешқандай өзгеріс жоғын айтты.

Республика алаңына жиналғандар билікке бірнеше талап қойды: тұрақты жұмыс сұраған жаңаөзендік мұнайшылардың талабын орындау; 15 күнге әкімшілік қамауға алынған белсенді Нұржан Әлтаевты бостандыққа шығару; мұнайшылардың "жанайқайын тыңдауға, олармен диалог орнатуға ықылас білдірмеген" энергетика министрін қызметтен босату.

Республика алаңына келгендердің арасында қоғам қайраткері, "Халық парламентінің" мүшесі Рысбек Сәрсенбайұлы мен белсенді Марат Тұрымбетов болды.

Алаң маңында күш құрылымдары қызметкерлері де жүрді.

Содан біраз уақыт бұрын бірқатар белсенді полиция ұстап әкеткен серіктері Нұржан Әлтаев пен Мұхтар Тайжанды босатуды талап етіп, Алматыдағы Республика алаңына жиналатынын хабарлаған.

11 сәуірде кешкісін полиция Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласынан тұрақты жұмыс беруін талап етіп Астанаға арнайы келген ондаған мұнайшыны энергетика министрлігі алдынан күштеп көлікке салып, полиция бөлімдеріне алып кеткен. Түні бойы полицияда болған жаңаөзендік мұнайшылардың көбі 12 сәуірде таңертең Астанадан пойызбен Маңғыстауға қайтқан.

Источник: www.azattyq.org