үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Алматыда белсенді Болат Смағұлов қайтыс болды. Ол «Көше партиясын» құрды деп жазаланған

Алматыда белсенді Болат Смағұлов қайтыс болды. Ол «Көше партиясын» құрды деп жазаланған

19
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Алматыда белсенді Болат Смағұлов қайтыс болды. Ол "Көше партиясын" құрды деп жазаланған


Алматыда белсенді Болат Смағұлов қайтыс болды. Ол "Көше партиясын" құрды деп жазаланған

Болат Смағұлов сотта тұр. Алматы, 2019 жыл. Бөлісу

  Алматыда белсенді Болат Смағұлов қайтыс болды. Ол "Көше партиясын" құрды деп жазаланған Бөлісіңіз

31 наурызда Алматыда азаматтық белсенді Болат Смағұлов 49 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның жақын досы әрі серігі Абайбек Сұлтанов хабарлады.

– Бүгін сағат 12 шамасында қайтыс болды. Әйелі маған хабарласты, үйлеріне келгенімде дәрігерлер аман алып қалуға талпынып жатыр екен. Бірақ нәтиже болған жоқ, жүріп кетіпті, – деді Сұлтанов.

2021 жылы Алматының Алмалы аудандық соты «Көше партиясын құрды және жұмысына араласты» деп 13 белсендіні жазалаған. Бұл сот қоғамда «13 белсендінің соты» деп аталып кеткен. Олар – қоғамдық-саяси мәселелерге байланысты көзқарасын ашық айтып, билікті сынап, акция-митингілерге қатысып жүрген азаматтар. Сол 13 белсендінің бірі Болат Сұлтанов еді. Сот оның бостандығын бір жылға шектеген.

– Болаттың бас бостандығын шектеу жазасы 2022 жылы аяқталғанымен, біз, 405-баппен сотталғандар «қара тізімдеміз» ғой. Банктен шот аша алмаймыз, ресми жұмысқа да тұра алмаймыз. Сондықтан Болат екеуіміз табылған жұмысты істеп, құрылыста жүрген едік. Енді отбасына қиын болды, әйелі мен үш баласы қалды, екі баласы – оқушы, – дейді Абайбек Сұлтанов.

Источник: www.azattyq.org