үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Алматыда оппозиция қайраткері Жасарал Қуанышәлинді ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда оппозиция қайраткері Жасарал Қуанышәлинді ақтық сапарға шығарып салды

17
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Алматыда оппозиция қайраткері Жасарал Қуанышәлинді ақтық сапарға шығарып салды


Алматыда оппозиция қайраткері Жасарал Қуанышәлинді ақтық сапарға шығарып салды

Оппозиция қайраткері Жасарал Қуанышәлиннің жаназасы. Алматы, 20 мамыр 2023 жыл. Бөлісу

  Алматыда оппозиция қайраткері Жасарал Қуанышәлинді ақтық сапарға шығарып салды Бөлісіңіз

20 мамырда таңертең Алматыда орталық мешітте оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлинмен қоштасу рәсімі өтті. Жаназаға жиналғандар арасында саясаткердің үзеңгілес әріптестері, саясаткерлер, белсенділер бар. Билік өкілдерінен жаназаға қатысқандар байқалмады. Саясаткер Кеңсай зиратына жерленді.

Жасарал Қуанышәлин 18 мамырда 74 жасында ауруханада көз жұмған. Ол бірнеше күн бұрын ауыр науқастанып, ауруханаға түскен еді.

Жасарал Қуанышәлин 1994-1995 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді. Кейінгі жылдары партия құруға талпынғанымен, оларды әділет министрлігі әртүрлі уәжбен тіркемеген. Президент сайлауына түсуге де ниет білдіргенімен, кандидат ретінде тіркеле алмаған.

Источник: www.azattyq.org