үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі аштық жариялап, прокуратура алдына жайғасты

Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі аштық жариялап, прокуратура алдына жайғасты

10
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі аштық жариялап, прокуратура алдына жайғасты


Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі аштық жариялап, прокуратура алдына жайғасты

Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі Алмаз Тілепов Іле ауданы прокуратурасының алдында аштық жариялап отыр. Алматы облысы. 6 маусым, 2023 жыл Бөлісу

  Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі аштық жариялап, прокуратура алдына жайғасты Бөлісіңіз

Қамауда отырған журналист, қоғам белсендісі Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі Алмаз Тілепов Алматы облысы Іле аудандық прокуратурасының алдында аштық акциясын бастады. Ол бұған дейін ұлы Думан Мұхаммедкәрімді босатуды талап еткен, талабы орындалмаса, аштық жариялайтынын айтқан. Алмаз Тілеповті қолдаған он шақты белсенді де прокуратура алдына жиналды.

Алмаз Тілеповтің сөзінше, Іле ауданы әкімдігіне маусымның 7-сі күні аудандық прокуратура алдында аштық акциясын бастайтынын хабарлаған, бірақ рұқсат бермеген.

– Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан бейбіт шеруге рұқсат бермейміз депті. Мен бейбіт шеру емес, жалғыз адамның аштық акциясын өткізетінімді айтқанмын, – дейді Алмаз Тілепов.

Тілепов ұлын босатқанша прокуратура алдында аш отыратынын айтады. Алайда бүгін таңертең қорғаушысымен жолыққан ұлы оған "Әке, аштығыңды тоқтат. Үйге қайт" деп хат жазған.

– Баламның өзі түрмеде аштық жариялап отыр. Бірақ мені аяп, үйге қайт дейді. Бірақ мен ұлымды көшеден бас-көз жоқ, заңсыз ұстап әкеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері кешірім сұрағанша тоқтамаймын, – дейді Алмаз Тілепов.

Алмаз Тілеповпен сөйлесуге шыққан Іле ауданы прокурорының орынбасары Сұңғат Сәтбаев Думанды ұстап әкеткен полицейлер ісінің заңдылығы тексерілетінін айтты.

– Думан Мұхаммедкәрім қазір сот шешімімен әкімшілік қамауда отыр. Сот шешіміне келіспеген Думан Мұхаммедкәрім апелляциялық шағым түсірді. Енді сол шешімді күтеді, – деді Сұңғат Сәтбаев.

Источник: www.azattyq.org