үй Қазақстан жаңалықтары Экономика ANSA: Еуропа одағының Украинаға тағы 500 миллион еуро көмек беру туралы шешіміне...

ANSA: Еуропа одағының Украинаға тағы 500 миллион еуро көмек беру туралы шешіміне Венгрия қарсы шықты

20
0

ЖАҢАЛЫҚТАР ANSA: Еуропа одағының Украинаға тағы 500 миллион еуро көмек беру туралы шешіміне Венгрия қарсы шықты


ANSA: Еуропа одағының Украинаға тағы 500 миллион еуро көмек беру туралы шешіміне Венгрия қарсы шықты

Бөлісу

  ANSA: Еуропа одағының Украинаға тағы 500 миллион еуро көмек беру туралы шешіміне Венгрия қарсы шықты Бөлісіңіз

Еуропаның бейбітшілік қорынан Украинаға берілетін кезекті көмекті Венгрия тоқтатып тастады. 500 миллион долларға тең бұл жолғы көмек келесі аптаның дүйсенбісінде бөлінуге тиіс еді.

ANSA агенттігінің хабарына қарағанда, Будапешт Еуропа бейбітшілік қорынан тек Киевті қаруландыру үшін пайдаланылмай, болашақта өзінің жаһандық мәртебесін сақтап қалатынына кепілдік талап еткен.

Венгрия – Еуропа одағында Ресейдің Украинаға агрессиясын қатаң айыптамайтын аз елдің бірі. Бұл ел Ресейден келетін энергетикалық шикізатқа тәуелді. Венгрияның Вашингтондағы елшілігі сайтына жарияланған сараптамада Украина билігі аз этностарға, соның ішінде Украинадағы 150 мың венгрге қысым жасап отыр деп көрсетілген.

Венгрия өзінің вето құқығын пайдаланып, Украинаға қолдау білдірген Еуропа одағының шешімдерін әлденеше рет тоқтатты. Ол бұған дейін Гаагадағы Халықаралық соттың Украина балаларын күштеп депортациялады деп айыпталған Ресей президенті Владимир Путин мен Ресейдің балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы тұтқындау туралы шешімін жалпыеуропалық деңгейде мақұлдауға қарсы шыққан болатын.

  • Еуропа бейбітшілік қоры – Еуропа одағына кіретін, барлық ел жарна төлейтін ұйым. Ресей басып кіргелі Украинаға бұл қор елеулі әскери және гуманитарлық көмек берген.

Источник: www.azattyq.org