ЖАҢАЛЫҚТАР Қарағанды шахтасындағы өрт: Үшінші жұмысшының мәйіті табылды
Шахтинск қаласындағы "Қазақстан" шахтасынан шыққан түтін. 18 тамыз 2023 жыл. Бөлісу
Қарағанды шахтасындағы өрт: Үшінші жұмысшының мәйіті табылды Бөлісіңіз
Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы "Қазақстан" шахтасында үшінші жұмысшының мәйіті табылды, қалған екі жұмысшы іздестіріліп жатыр. Бұл жөнінде "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазір мәйітті тану жүріп жатыр. Марқұмның әріптестері, компанияның тұтас ұжымы мезгілсіз қаза болған әріптестерінің туыстары мен жақындарына қатты қайғырып көңіл айтады. "АрселорМиттал Теміртау" қаза болған шахтерлардың отбасына жан-жақты көмек (жерлеу шығынын жабу, қайтыс болған жұмысшылардың он жылдық жалақысы мөлшерінде отбасыларына біржолғы төлем, кәмелетке толмаған балаларына ай сайынғы сақтандыру төлем және тағы басқа ) көрсетеді" деп жазылған компания хабарламасында.
Источник: www.azattyq.org