үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қарағандыда «полицейдің талабына бағынбады» деп айыпталған белсенді 10 күнге қамалды

Қарағандыда «полицейдің талабына бағынбады» деп айыпталған белсенді 10 күнге қамалды

0

ЖАҢАЛЫҚТАР Қарағандыда "полицейдің талабына бағынбады" деп айыпталған белсенді 10 күнге қамалды Белсенді Евгений Медведев. Бөлісу

  Қарағандыда "полицейдің талабына бағынбады" деп айыпталған белсенді 10 күнге қамалды Бөлісіңіз

Қарағанды соты жергілікті белсенді, блогер Евгений Медведевті 10 күнге қамады. 12 наурызда оның үйінде полиция қызметкерлері рұқсатсыз тінту жүргізген. Кейін белсенді "полицейдің талабына бағынбады" деп айыпталды.

Қарағанды сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, "жеке үйдің ауласында полиция қызметкерімен болған кикілжің фактісі бойынша" іс қаралған. 12 наурызда әлеуметтік желіде М. есімді азаматтың полиция қызметкерлерін үйіне кіргізбей тұрған видеосы тараған. Соттың мәліметінше, полиция қызметкерлері санкциясыз тінту жүргізбек болған кезде бұл азамат олардың "заңды әрекетіне кедергі жасаған, яғни аулаға кіргізбей, есігін жауып алған".

Медведев пен оның әйелінің сөзіне қарағанда, полиция келген кезде Медведев үйінде болмаған. Әйелі күйеуіне хабарласып, аулада бөтен біреулер жүр деп айтқан. Бұдан соң белсенді үйіне келген.

– Мен олардан өздерін таныстыруды, келу себептерін түсіндіруді сұрап, арттарынан жүрдім. Бірақ олар түсіндірген жоқ. Оларды түсіне алмадым. Егер әу баста мән-жайды түсіндірсе, көмектескен болар едік. Ештеңені түсіндірместен, құжат көрсетпестен аулаға басып кіріп, тексере бастады, – деді белсендінің әйелі Оксана.

Интернетте тараған видеолардың бірінде полицейлер шарбақтан секіріп, аулаға кіргені көрінеді. Ақпаратты блогердің әйелі де растады. Видеода Медведев аулаға басып кірген қызметкерлердің әрекетіне эмоциямен жауап қатқаны көрінеді. Кейін полицейлер оның қолын қайырып, кісен салып, үйінен әкеткен. Полиция қызметкерлері ауланы, үйдің іші мен қора-жайды тінткен.

Соттың түсіндіруінше, сол күні ұрлық жайлы қылмыстық іс тіркеліп, белсендінің ауласынан "қылмыс жасаған көлік" байқалған. Сол себепті тінту тез арада рұқсатсыз жүргізілген. Кейін көлік басқа адамға тиесілі екені хабарланды.

14 наурыз күнгі сот отырысында белсенді тағылған айыптарды мойындамай, полицияның әрекетін "заңсыз" деп атады.

Медведевтің әйелінің айтуынша, соттан кейін күйеуінің жүрегі нашарлаған. Белсенді ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек берілген. Содан кейін тергеу изоляторына әкетілген.

Евгений Медведев Қарағандыда өзі тұратын Курьянов ауылы маңында күл төгетін орын салуға қарсы болған. Ол сонымен бірге ауылды абаттандыру қажеттігін айтып келеді.

Источник: www.azattyq.org

Exit mobile version