үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қалада су тапшылығы жоқ деп санайды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қалада су тапшылығы жоқ деп санайды

12
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қалада су тапшылығы жоқ деп санайды


Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қалада су тапшылығы жоқ деп санайды

Бөлісу

  Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қалада су тапшылығы жоқ деп санайды Бөлісіңіз

7 тамызда үкімет отырысында есеп берген Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бас қалада су тапшылығы байқалмайтынын айтты. Бұған дейін Астана тұрғындары су жетіспей жатқанын айтып келген еді.

Әкімнің сөзінше, қаланы сумен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 44 шақырым екінші су құбыры салынып жатыр. Құрылыс аяқталса, 2035 жылға дейін су қорымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жеңіс Қасымбек қаланы дамытудың 2035 жылға дейінгі бас жоспары, 2030 жылға дейін қайта құрылымдау бағдарламасы және қаланы жасылдандырудың бірыңғай тұжырымдамасы жасалып жатқанын айтты.

Кейінгі жылдары Қазақстанда су тапшылығы жиі сөз бола бастаған. Астана тұрғындары үйіне су жетпей жатқаны жөнінде әлденеше рет шағымданған. Биыл мамыр айында су жетіспеген үйлердің тұрғындары жолды жапқан.

Embed Бөлісіңіз

Су сұраған Астана

Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. width px height px

The URL has been copied to your clipboard

No media source currently available

0:00 0:03:04 0:00 Жүктеп алу

  • 240p | 8,5MB
  • 360p | 13,8MB
  • 480p | 25,1MB
  • 720p | 49,7MB
  • 1080p | 74,0MB

Ресми мәлімет бойынша қазір Астана халқының саны 1,3 миллионға жеткен. Ішкі көші-қон есебінен жыл сайын 50-60 мың адамға көбейеді. Қала билігінің мәліметінше, халық саны жоспардағыдан тез өсіп келеді.

Источник: www.azattyq.org