үй Қазақстан жаңалықтары Экономика «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов екі айға қамалды

«Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов екі айға қамалды

19
0

ЖАҢАЛЫҚТАР "Атамекен" кәсіпкерлер ұлттық палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов екі айға қамалды


"Атамекен" кәсіпкерлер ұлттық палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов екі айға қамалды

Абылай Мырзахметов. Бөлісу

  "Атамекен" кәсіпкерлер ұлттық палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов екі айға қамалды Бөлісіңіз

"Пара алу ісі" бойынша күдікке ілінген "Атамекен" кәсіпкерлер ұлттық палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов екі айға қамалды. 12 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты тергеу жалғасқанша Мырзахметовке осындай бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім шығарған.

Мырзахметовтің ұсталғанын қазақстандық БАҚ 10 мамыр кешке хабарлаған. Ақпаратқа қарағанда, Мырзахметов 30 млн доллар пара алды деген күдікке ілінген.

11 мамырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оның ұсталғанын растады, бірақ "пара көлемі" мен "пара беруші кім екенін" айтпаған.

"Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінген. Күдікті Астана қаласы полиция департаментінің уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексеріліп жатыр" деді жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Арман Әлібек.

54 жастағы Абылай Мырзахметов Forbes жасаған Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің қатарында тұр. Ол "Атамекен" кәсіпкерлер ұлттық палатасына жетекшілік еткен. Бұл құрылымның басшылығында экс-президенттің күйеубаласы Тимур Құлыбаев та бар.

Қаңтар оқиғасынан кейін миллиардер, экс-президенттің күйеубаласы Тимур Құлыбаев "Атамекен" кәсіпкерлер ұлттық палатасы президиумы төрағасы қызметінен кеткен. Бір айдан соң 18 ақпанда осы палатаның басқарма басшысы Абылай Мырзахметов отставкаға кеткен.

Кей сарапшылар Мырзахметовтің ұсталуын Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев пен оның отбасының позициясының әлсірей бастау трендінің жалғасы деп санайды.

Источник: www.azattyq.org