үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Ауғанстан «сапасы нашар мұнай құйылған» 67 цистернаны Өзбекстанға қайтарған

Ауғанстан «сапасы нашар мұнай құйылған» 67 цистернаны Өзбекстанға қайтарған

18
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Ауғанстан "сапасы нашар мұнай құйылған" 67 цистернаны Өзбекстанға қайтарған


Ауғанстан "сапасы нашар мұнай құйылған" 67 цистернаны Өзбекстанға қайтарған

Көрнекі сурет Бөлісу

  Ауғанстан "сапасы нашар мұнай құйылған" 67 цистернаны Өзбекстанға қайтарған Бөлісіңіз

Ауғанстанның стандарттар жөніндегі ұлттық басқармасының (ANSA) әлеуметтік желідегі хабарына қарағанда, Кабул мұнай құйылған 67 теміржол цистернасын Өзбекстанға қайтарып жіберген. Тәліптердің өкілі "мұнайдың сапасы нашар" деген уәж айтқан.

ANSA мұндай жағдай бірінші рет болып отырғанын хабарлаған. Ауған шенеуніктері сапасыз жанармай мен мұнай жеткізудің алдын алу жөнінде бағдарлама жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеген.

Бұл хабарға байланысты жергілікті БАҚ "Өзбекмұнайгаз" компаниясына хабарласқан. "Өзбекмұнайгаздың" мәліметіне қарағанда, "Ауғанстан уәжінің ешқандай негізі жоқ".

"Ешбір негізсіз уәж. Бұл жағдай жөнінде таяуда ресми ақпарат беріледі" деген "Өзбекмұнайгаздың" сөзін жергілікті БАҚ-тар жариялаған.

Источник: www.azattyq.org