үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Ауғанстан сыртқы істер министрлігі ғимараты алдындағы жарылыстан алты адам өлген

Ауғанстан сыртқы істер министрлігі ғимараты алдындағы жарылыстан алты адам өлген

13
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Ауғанстан сыртқы істер министрлігі ғимараты алдындағы жарылыстан алты адам өлген


Ауғанстан сыртқы істер министрлігі ғимараты алдындағы жарылыстан алты адам өлген

Жарылыс болған жердегі "Талибан" полициясы. 27 наурыз, 2023 жыл. Бөлісу

  Ауғанстан сыртқы істер министрлігі ғимараты алдындағы жарылыстан алты адам өлген Бөлісіңіз

Дүйсенбі күні Ауғанстан астанасы Кабулда сыртқы істер министрлігі ғимараты алдында жарылыс болған. Al-Jazeera хабарына қарағанда, өз-өзін жарып жіберген адам жарылғышты министрлік ғимаратына алып кіруге талпынған. Күзет тоқтатқанымен, ол өзін жарып үлгерген. Кемі алты адам өлген.

Кабул полициясының өкілі Халид Задранның сөзінше, жараланғандар арасында кемі үш полицей бар. 12 адам ауруханаға жеткізілген, біреуі – сәби. Әзірге жарылысты ешкім мойнына алмаған.

Кабулдың үкімет кварталына бұған дейін де әлденеше рет террорлық шабуыл жасалған. Ауғанстан сыртқы істер министрлігінің алдында биыл 11 қаңтарда бір адам өз-өзін жарып, 20 адамды өлтірген болатын. Ол кезде жарылысты "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы мойнына алған еді.

2022 жылғы желтоқсанда Кабулде қарулы адамдар Қытай бизнесмендері тұрып жатқан қонақүйде оқ атып, Қытайдың бес азаматын жаралаған. Осыдан кейін Қытай инвесторлары Ауғанстанмен ынтымақтастықты қайта қарастыруы мүмкін екенін мәлімдеген.

2022 жылы Кабулдағы Ресей елшілігі алдында да бір адам өз-өзін жарып, елшіліктің екі қызметкері қаза тапқан және 20-дан астам адам жараланған.

"Талибан" қозғалысына террорлық ұйым ретінде әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда да тыйым салынған. Алайда Ауғанстан билігін тәліптер қолға алған кезде Астана ресми делегация жіберген. Кабулда Қазақстан елшілігі де жұмыс істейді. Қазақстан "Талибан" билігін ресми түрде мойындамағанымен, президент Қасым-Жомарт Тоқаев "гуманитарлық мәселелерді шешу үшін" Қазақстанның ауған билігімен қарым-қатынас орнатуға әзір екенін мәлімдеген.

Источник: www.azattyq.org