үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қазақстан 2024 жылы Ресей газын Өзбекстанға өткізуге дайын болады

Қазақстан 2024 жылы Ресей газын Өзбекстанға өткізуге дайын болады

19
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Қазақстан 2024 жылы Ресей газын Өзбекстанға өткізуге дайын болады


Қазақстан 2024 жылы Ресей газын Өзбекстанға өткізуге дайын болады

Бөлісу

  Қазақстан 2024 жылы Ресей газын Өзбекстанға өткізуге дайын болады Бөлісіңіз

Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2024 жылы күз бен қыста Қазақстан инфрақұрылымы Ресей газын Өзбекстанға өткізуге дайын болады деп мәлімдеді.

Алмасадам Сәтқалиев мұны газ саласының жағдайы бойынша өткен мәжіліс отырысында айтқан деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Сәтқалиевтің сөзінше, газдың көлемі мен бағасы жөнінде Өзбекстан мен "Газпром" арасында келіссөз әлі жалғасып жатыр. Ал Қазақстан газ транзитін қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеген.

"Келіссөз аяқталғанша біз де инфрақұрылымды дайындап үлгереміз. Бұл транзитке біз де мүдделіміз, өйткені бізге транзит арқылы ақша түседі және Орталық Азия аймағын энергиямен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі" деді ол.

Энергетика министрі 16 мамырда Ресей газын Өзбекстанға Қазақстан арқылы өткізу мәселесіне байланысты келіссөз нәтижелі жүріп жатқанын хабарлаған.

2022 жылы Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Мәскеудегі кездескенде Өзбекстанмен бірге "газ одағын" құруды ұсынған.

2022 жылы Өзбекстанның энергетика министрі Жорабек Мирзамахмудов Ташкент "ешқашан газға бола саяси шегініс жасамайтынын" мәлімдеген. Оның сөзінше, газ туралы келісім альянс құру дегенді білдірмейді.

Алайда 2023 жылы сәуірде Самарқанға барған сапарында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей-Қазақстан-Өзбекстан газ одағын талқылау мәселесінде алға жылжу бар екенін мәлімдеген.

Былтыр қыста Өзбекстанда энергетика тапшылығы байқалып, халық ішінде наразылық пайда болған. Азаттықтың Өзбек қызметі (Радио Озодлик) өзбек газының офшор компаниялар арқылы шетелге арзан бағамен сатылып жатқаны туралы журналистік зерттеу жүргізген.

Источник: www.azattyq.org