үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қазақстан үкіметі шекара маңындағы ауылдарға үй салғандарға субсидия беретін болды

Қазақстан үкіметі шекара маңындағы ауылдарға үй салғандарға субсидия беретін болды

21
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Қазақстан үкіметі шекара маңындағы ауылдарға үй салғандарға субсидия беретін болды


Қазақстан үкіметі шекара маңындағы ауылдарға үй салғандарға субсидия беретін болды

Бөлісу

  Қазақстан үкіметі шекара маңындағы ауылдарға үй салғандарға субсидия беретін болды Бөлісіңіз

Қазақстан үкіметі шекаралық аймақтарда тұрғын үйді арзандату жөніндегі жоспарын жариялады. 4 сәуірде өткен үкімет отырысында шекаралық аудандарда ауыл адамдарына жалға берілетін 2855 үй салу жоспарлап отырғаны айтылды. Ол үшін 14,3 миллиард теңге (қазіргі бағам бойынша 31,7 миллион доллар) бөлінеді.

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Марат Қарабаев "ауылдардағы тұрғын үй мәселесін шешу үшін өз қызметкерлеріне жалға беретін үй салған компанияларға көмек ретінде субсидиялау механизмі іске қосылатынын" айтты.

Министрдің сөзіне қарағанда, сонымен бірге жыл сайын ауылдардағы жекеменшік тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін инженерлік коммуникация тартылған 22 мың жер учаскесі берілмек.

29 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шекарадағы ауылдарға қоныстанғысы келетіндерді ынталандыру үшін тұрғын үйді арзандатудың жаңа тәсілін ойластыруды тапсырып, "басты мақсат – шекаралық аймақтардың экономикасына серпін беру, адам өміріне қолайлы жағдай жасау" деген.

Қазақстанда 65 шекаралық аудан бар. Көбінің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты нашар. Оған экономика факторы мен әкімшілік-аумақтық тұрғыдан тиімсіз бөлініс жасалғаны да себеп болған.

Источник: www.azattyq.org