үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қазақстан СІМ: Қазақ-ауған бизнес-форумы Астананың «Талибан» үкіметіне ұстанымы өзгергенін білдірмейді

Қазақстан СІМ: Қазақ-ауған бизнес-форумы Астананың «Талибан» үкіметіне ұстанымы өзгергенін білдірмейді

15
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Қазақстан СІМ: Қазақ-ауған бизнес-форумы Астананың "Талибан" үкіметіне ұстанымы өзгергенін білдірмейді


Қазақстан СІМ: Қазақ-ауған бизнес-форумы Астананың "Талибан" үкіметіне ұстанымы өзгергенін білдірмейді

Қазақстан мен ауған үкіметінің келіссөзі. Кабул, 15 сәуір 2023 жыл Бөлісу

  Қазақстан СІМ: Қазақ-ауған бизнес-форумы Астананың "Талибан" үкіметіне ұстанымы өзгергенін білдірмейді Бөлісіңіз

Қазақстан — Ауғанстан бизнес-форумы Астананың "Талибан" үкіметіне ұстанымы өзгергенін білдірмейді. 31 шілдеде Қазақстан — Ауғанстан бизнес-форумын өткізуге арналған баспасөз конференциясы кезінде сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш осылай мәлімдеді.

Министрлік ақпаратынша, 3-5 тамызда Астанада Қазақстан-Ауған бизнес-форумы өтіп, ауған тауарларының көрмесі болады. Көрмеге Ауғанстаннан 70-ке жуық компания, 150-ден астам кәсіпкер қатысады.

Ақпаратқа қарағанда, форум барысында сауда және интеграция министрлігі, "Қазақэкспорт" компаниясы, екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның логистикалық компанияларыны басшылары мен ауған делагациясы арасында келіссөздер өтеді.

Биыл көктемде Қазақстан үкіметі Ауғанстанмен сауда-экономикалық қатынасты дамытуға мүдделі екенін мәлімдеген. Астана "Талибан" үкіметінің дипломаттарына елшілік ғимаратын беруге келіскен. Алайда мұны Астана "Талибан үкіметін мойындау емес" деп ақталған.

"Талибан" қозғалысы Қазақстанда сот шешімімен террор ұйым деп танылып, қызметіне тыйым салынған.

Источник: www.azattyq.org