үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қазақстан Өзбекстан өтінішімен ұсталған қарақалпақ белсенділеріне босқын мәртебесін бермеді

Қазақстан Өзбекстан өтінішімен ұсталған қарақалпақ белсенділеріне босқын мәртебесін бермеді

19
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Қазақстан Өзбекстан өтінішімен ұсталған қарақалпақ белсенділеріне босқын мәртебесін бермеді


Қазақстан Өзбекстан өтінішімен ұсталған қарақалпақ белсенділеріне босқын мәртебесін бермеді

Нөкіс оқиғасы. 1 шілде 2022 жыл Бөлісу

  Қазақстан Өзбекстан өтінішімен ұсталған қарақалпақ белсенділеріне босқын мәртебесін бермеді Бөлісіңіз

Қазақстан Өзбекстан сұрауы бойынша 2022 жылы Алматыда ұсталған қарақалпақ белсенділері — Қошқарбай Төремұратов пен Жангелді Жақсымбетовке босқын мәртебесін беруден бас тартты. Бұл туралы Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасының мүшесі Ақылбек Мұратбай X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіне жазды.

Белсендінің сөзінше, Қазақстан азаматтығы мәселесі бойынша комиссияның мұндай шешімі 31 шілдеде шыққан. Қазақстан шенеуніктері босқын мәртебесін не себепті бермегенін айтпаған.

Төремұратов пен Жақсымбетов 2022 жылы Өзбекстанның өтініші бойынша Алматыда ұсталып, 40 күнге қамалған. Өзбекстан оларды "республика конституциялық құрылысын құлатпақ болды" деп айыптап, халықаралық іздеу жариялаған.

Былтыр күзде Қазақстанда Тілеубике Юлдашева, Зиуар Мирманбетов, Райыс Құдайбергеновтер ұсталып, қамауға алынған. Қарақалпақ белсенділерінің бұлайша қуғындалуын олардың жақтастары 2022 жылы шілдеде Нөкісте болған қанды оқиғамен байланыстырады.

Былтыр қазанда Human Rights Watch аталған белсенділердің Қазақстаннан саяси баспана сұрағанын хабарлаған. Құқық қорғау ұйымының мәліметіне қарағанда, көптен бері Қазақстанда тұратын олар жергілікті қарақалпақ диаспорасына мүше болған. HRW "Өзбекстанда азаптап, саяси желеумен соттауы мүмкін" деп оларды Ташкентке бермеу жөнінде үндеу жасаған.

2022 жылы 1 шілдеде Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан автономиялық республикасының астанасы Нөкіс қаласында халық жаппай наразылыққа шыққан. Оған Өзбекстан билігінің жаңа конституция жобасына Қарақалпақстанның егемендік мәртебесін жою жөнінде жазғаны себеп болған. Нөкіс оқиғасында Өзбекстан билігі халықтың бейбіт наразылығын күшпен басып, ондаған адам өлген. Бұл оқиғаға байланысты қарақалпақ белсенділерін көп жылға соттаған.

Источник: www.azattyq.org