үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қазақстандағы банктерге кім иелік етеді? НЕГЕ мемлекет оны білуі тиіс?

Қазақстандағы банктерге кім иелік етеді? НЕГЕ мемлекет оны білуі тиіс?

33
0


                Қазақстандағы банктерге кім иелік етеді? НЕГЕ мемлекет оны білуі тиіс?

Фото: Nege.kz

Эмитенттерге арналған ережеге сай, әр тоқсан сайын банктер өз акционерлері туралы ақпаратты Қазақстан қор биржасында жариялап тұру керек. Осы реестрге қарап, қай банктің қожайыны кім екенін білуге болады.

ForteBank

Бұл банк берген ақпаратқа сай банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз адам – олигарх Болат Өтемұратов. Өтемұратовтың меншігінде  80 794 031 785 ForteBank жай акциясы бар. Бұл – банктің орналастырылған акцияларының 89,32 пайызы.

Қазіргі таңда «ForteBank» АҚ жарияланған жай акцияларының жалпы саны 150 003 000 000 дана. Оның ішінде 92 387 104 089 жай акциялары биржада орналастырылған.

Халық банк

Қазақстандағы ең ірі банкке »АЛМЭКС» холдингі мен акцияларды номиналды ұстаушы ретінде The Bank of New иелік етеді. АЛМЭКС-те банктің орналастырылған акцияларының 69,52 пайызы бар. Ал The Bank of New 28,5% акцияларды ұстап отыр.

Банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 25 000 000 000 дана. Оның ішінде 13 447 544 782 жай акциялары биржада орналастырылған.

АЛМЭКС холдингінің түпкі иелері – Тимур мен Динара Құлыбаевтар. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстандағы ең ірі банк Құлыбаевтар отбасының қолында.

Kaspi Bank

Қазақстандықтардың ең жақсы көретін банкіне KASPI GROUP акционерлік қоғамы иелік етеді. Оның қолында банктің 17 668 952 акциясы бар. Ол – орналастырылған акциялардың 88,34 пайызы.

Kaspi Group өз кезегінде «Kaspi.kz» компаниясына қарайды.

«Kaspi.kz» акциялары Лондон қор биржасында саудаланатын жария компания. Мажоритарлы акционерлерінің қатарына Baring Vostok инвестициялық қоры, бизнесмен Вячеслав Ким, «Kaspi.kz» басшысы Михаил Ломтадзе кіреді.

Еуразиялық банк

Еуразиялық банкке «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҚАРЖЫ КОМПАНИЯСЫ» акционерлік қоғамы иелік етеді. Банктің орналастырылған 20 960 389 жай акциялары бар. Банктің негізгі қожайындары – олигархтар Александр Машкевич, Патох Шодиев және Алиджан Ибрагимовтың отбасы.

Банк ЦентрКредит

Бұл – дамып келе жатқан орташа банк. Оның қожайындары – бизнесмендер Бахтияр Байсейітов пен Владислав Ли. Банктің 188 029 035 жай акциялары және артықшылығы бар акциялары биржада айналымда. Бййсейітовте – 48,47% акция, Лиде – 11,16 пайыз акция бар.

Мемлекет банк секторын бақылауды күшейтіп келеді. Сондықтан ҚНРДА тарапынан олардың капитал жеткіліктілігі көрсеткіші, акционерлердің аффирленген бизнеске несие беруі сияқты фактілері жіті қадағаланып отыр. 

#банк #қаржы #акционер

Источник: nege.kz