үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қазақстандағы сайлауға наразылар Гаагадағы қазақ елшілігі алдында акция өткізген

Қазақстандағы сайлауға наразылар Гаагадағы қазақ елшілігі алдында акция өткізген

19
0


Қазақстандағы сайлауға наразылар Гаагадағы қазақ елшілігі алдында акция өткізген

ЖАҢАЛЫҚТАР Қазақстандағы сайлауға наразылар Гаагадағы қазақ елшілігі алдында акция өткізген Қазақстанның Нидерландыдағы елшілігі алдында Қазақстан билігін "жалған сайлау" өткізіп жатыр деп сынап, акция өткізіп тұрған адам. Гаага, 20 наурыз, 2023 жыл. Фейсбуктегі Kymbat Abeu парақшасынан скриншот. Бөлісу

  Қазақстандағы сайлауға наразылар Гаагадағы қазақ елшілігі алдында акция өткізген Бөлісіңіз

20 наурызда Қазақстанның Гаага қаласындағы елшілігі алдында екі адам Қазақстан билігін "жалған сайлау" өткізіп жатыр деп сынап, ғимаратқа жұмыртқа лақтырған.

"Тоқаев, саяси тұтқындарды босат! Белсенділерді қудалауды тоқтат!", — деп айғайлаған наразылар.

Олар Қазақстан түрмесінде отырған Ержан Елшібаев, Ермек Нарымбай, Қаңтар оқиғасынан соң көп жылға сотталған Қазыбек Құдайбергенов, Нұрсұлтан Исаевтардың суреттерін ұстап барған.

Акциядан түсірілген видеоларды Фейсбук парақшасында жариялаған Қымбат Әбеу өзін Қаңтар оқиғасынан соң елден кеткен Қазақстан азаматымын деп таныстырды.

– Бұрынғы саяси жүйе өзгермеді. Қазақстанда әлі күнге саяси тұтқындар бар. Оларды ұрып-соғып, азаптағандарды жазаға тартып, Қаңтар оқиғасын әділ тергеу керек, – деді ол.

Қазақстан елшілігінен оларға ешкім шықпаған.

Қымбат Әбеудің Азаттыққа айтуынша, оларды Нидерланд полициясы "акция өткізу тәртібін бұздыңдар" деп әкетіп, үш сағат ұстаған соң ескерту жасап босатқан.

Қазақстанда 20 наурызда парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау өтті.

Дүйсенбі күні Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлаудың алдын ала қорытындысына сәйкес, сайлауға түскен жеті партиядан, заңға сай, 5 пайыздан көп дауыс алған алтауы мәжіліске өтті:

  • "Аманат" – 53,90%
  • "Ауыл" – 10,90%
  • "Республика" – 8,59%
  • Қазақстан халық партиясы – 6,80%
  • "Ақ жол" – 8,41%
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,20%
  • "Байтақ" – 2,30%
  • Бәріне қарсы – 3,90%

Ал бірмандатты 29 округ бойынша көбінесе биліктегі "Аманат" партиясының мүшелері озды деп хабарлады ОСК.

Сайлау барысын бақылаған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының сайлауды бақылау миссиясы "сайлау саяси өмірге бәсеке әкелгенімен, әртүрлі әкімшілік кедергілер әлі бар" деп мәлімдеді. Сайлауға өз-өзін ұсынған бірнеше кандидат дауыс беруді мойындамайтынын мәлімдеп, сотқа шағымданды.

Дауыс беру барысын бақылаған байқаушылардан да сайлау заңы бұзылғаны туралы арыз-шағым көп түсіп жатыр.

Источник: www.azattyq.org