ЖАҢАЛЫҚТАР Азаттық тілшісі Қуанышбек Қари MediaCampFest конкурсының лауреаты атанды
Азаттық тілшісі Қуанышбек Қари. Бөлісу
Азаттық тілшісі Қуанышбек Қари MediaCampFest конкурсының лауреаты атанды Бөлісіңіз
Азаттық тілшісі Қуанышбек Қари Internews ұйымдастырған MediaCampFest фестивалінде медиасыншылардың конкурсында лауреат болды. Конкурс қорытындысы 1-2 шілдеде жарияланды.
Конкурс ұйымдастырушылардың айтуынша, медиасыншылардың "Жаңа репортер" жобасының конкурсында Қуанышбек Қаридің "Тоқаев Республика күнін неге ұлттық мереке етті. Неге?" деген мақаласы "Республика күнін қайта қалпына келтіру оқиғасын кәсіби және терең түрде талдау" номинациясында жеңіске жеткен.
"Бұл тақырыпта шыққан контенттерге мониторинг жасадым, өкінішке қарай, контенттердің деңгейі төмен, біржақты болды. Барлығының ішінен екі материал ерекшеленді, соның бірі Қуанышбек Қаридің мақаласы болды. Осындай кәсіби, терең, маңызды жұмысты бағалау маңызды деп шештім. Мақалада тарих, өткен шақ – бәрі болды. Біз басқаларға үлгі болатын жұмыстарды бағалаймыз. Мұндай мақалалар басқа әріптестерді шабыттандыруы керек" дейді медиасыншы Лаура Көпжасарова.
Источник: www.azattyq.org