үй Қазақстан жаңалықтары Экономика «ҚАЗХРОМНЫҢ» шаруасы бітті. Машкевич бастаған ERG қазақ хромын НЕГЕ қарызға батырып тастады?

«ҚАЗХРОМНЫҢ» шаруасы бітті. Машкевич бастаған ERG қазақ хромын НЕГЕ қарызға батырып тастады?

15
0


                «ҚАЗХРОМНЫҢ» шаруасы бітті. Машкевич бастаған ERG қазақ хромын НЕГЕ қарызға батырып тастады?

Фото: Коллаж NEGE

«Қазхром» алпауыты келесі жылы не істерін білмей отыр. 2024 жылдың соңына дейін Ресейдің «ВТБ банкіне» 786,4 миллиард теңгені, «Сбербанкке» де біршама қарызды үстіне проценттерін қосып қайтаруы тиіс. Егер төлем жасай алмаса, онда Ресей банктері барлық қарызды бірден қайтаруды талап етуге құқылы. Іс насырға шапқан жағдайда, кепілге қойылған «Қазхром» Ресейдің қолына өтетін болады.

«Қазхром» Люксембургте тіркелген ERG корпорациясына қарайды. Хром алпауыты 2022 жылдың аудиттелген қаржылық есебін шығарды. Аудиторлар «Қазхромның» болашағына күмәнмен қарап отыр.

«ERG тобы қолданыстағы несиелік келісімдер бойынша 2024 жылы «Сбербанк» пен «ВТБ» төлемдерін өтеуі тиіс. ERG тобы барлық қолданыстағы заңдар мен ережелерге сәйкес төлем міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беретін әртүрлі ықтимал шешімдермен жұмыс істейді. Бұл жұмыс жалғасуда және 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталуы екіталай. Сондықтан осы Шоғырландырылған қаржылық есептілікті шығару кезінде оның нәтижелеріне қатысты белгісіздік сақталады. Егер 2024 жылы қолайлы шешім табылмаса және ERG тобы «Сбербанкпен» немесе «ВТБ»-мен қолданыстағы несиелік келісімдерге сәйкес жоспарлы төлемді жүзеге асыра алмаса, ол кредиторға несиелік келісімдер бойынша өтелмеген берешекті төлеуді жеделдету құқығын бере алады», – деп жазады PWC аудиторлары.

Аудиторлардың ойынша, бұл Қазхромның жақын болашақта өз қызметін жалғастыру мүмкіндігіне айтарлықтай күмән тудыруы мүмкін.

«Қазхром» ТҰК» АҚ 2022 жылдың аудиттелген қаржылық есебі. Аудитор: PWC

Жалпы, «Қазхромның» қазіргі қарызы 1 триллион теңгеден асады. Демек, компания қарызы оның активіне жетіп қалды. «Қазхром» активінің көлемі 1,53 триллион теңге, міндеттемесі 1,33 триллион теңге. 2022 жылдың қортындысы бойынша трансұлттық компания 485,9 миллиард теңге таза кіріс алды. Былтыр сонымен қатар 640 миллиард теңге кредитін өтеді. Төлеген қарызы өзінің тапқанынан артып кетті.

Қазхром НЕГЕ соншама қарызға батып қалды? Әңгіме ERG кропорациясының өзінің қазақстандық кәсіпорындарынан ақша сорып, оны Люксембургке шығаруында болып отыр. «Қазхром» ғана емес, Шұбаркөл, Соколов-Сарыбай комбинаттары да осындай жағдайда. Олардың барлығы Ресей банктеріне қарыз және дүние-мүлкі кепілге қойылған.

  • ҚУЛЫҒЫ мен ҚҰПИЯСЫ бітпейтін ERG. Машкевичтің жаңа схемасы ТОҚАЕВТЫҢ қолын НЕГЕ байлауы мүмкін?

Мысалы, «Қазхром» «ВТБ»-ға 786,4 миллиард теңге қарыз бола тұрып, 2022 жылдың желтоқсанында мемлекеттік Қазақстанның Даму банкінен 19,7 миллиард теңге кредит алды. Осы кредиттік сомаларды ол 2022 жылы ERG бақылауындағы компанияларға жіберген. 2022 жылы «Қазхром» ERG-ге 293,9 миллиард теңге кредит берген. Ал 2023 жылдың бірінші жартысында «Қазхром» ERG бақылауындағы компанияларға 120 миллиард теңге транш аударды.

Бұл ретте, ERG-дің Standard & Poor’s рейтингінен бас тартқаны алаңдатады. Оның негізінде, корпорацияның қаржылық жағдайы нашарласа, S&P рейтингті түсіріп тастайды деген үрей тұрғаны анық.

ERG – бізге бөтен компания емес. Оның 40 пайызы Қазақстан Үкіметі, бір сөзбен айтқанда халыққа тиесілі. Тек Үкіметтің ERG-де жүріп жатқан барлық операциялық, қаржылық процестерге көз жұмып сырттан қарап отыратыны біртүрлі көрінеді. Барлық шаруаны Машкевичтің иығына артып қойған сияқты. Машкевич сияқты менеджерлерді жіті қадағаламаса, халықты да, мемлекетті де «баспен қадап» кететінін «Жаңа Қазақстан» НЕГЕ түсінбейді осы?

#казхром #машкевич #erg

Источник: nege.kz