үй Қазақстан жаңалықтары Экономика БҰҰ комитеті: Қазақстан түрмедегі азаптаудың алдын алу шараларын күшейтуге тиіс

БҰҰ комитеті: Қазақстан түрмедегі азаптаудың алдын алу шараларын күшейтуге тиіс

8
0

ЖАҢАЛЫҚТАР БҰҰ комитеті: Қазақстан түрмедегі азаптаудың алдын алу шараларын күшейтуге тиіс


БҰҰ комитеті: Қазақстан түрмедегі азаптаудың алдын алу шараларын күшейтуге тиіс

Қаңтар қырғыны құрбандарын еске алу акциясында биліктен азаптауды тоқтатуды талап етіп тұрған адам. Алматы, 13 ақпан, 2022 жыл. Бөлісу

  БҰҰ комитеті: Қазақстан түрмедегі азаптаудың алдын алу шараларын күшейтуге тиіс Бөлісіңіз

Қазақстан түрмеге қамалғандарды азаптаудан қорғау үшін тиісті шараларды жүзеге асыруды күшейтуі керек деп мәлімдеді БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитеті. Бұл туралы БҰҰ Адам құқығы жөніндегі комиссиариатының ресми сайтында хабарланды.

БҰҰ Азаптауға қарсы комитетінің делегациясы 26 наурыз бен 1 сәуір аралығында Қазақстанға келіп, түрмелерді, уақытша қамау изоляторларын, тергеу изоляторларын, полиция бөлімшелеріндегі қамау орындарын аралаған. Делегация қамаудағылармен сөйлесіп, Қазақстанның адам құқығы бойынша жауапты шенеуніктермен, азаматтық қоғам өкілдерімен және БҰҰ өкілдігімен кездескен.

– Біз Қазақстанды бас бостандығынан айырылған адамдарды азаптаудан, ар-намысын қорлаудан қорғап, оларды сауықтыру мен қоғамға бейімдеуге баса назар аударуға үндедік, – деді делегация басшысы Якуб Чепек.

Қазақстанға келген делегация сапар қорытындысын, ұсынысын құпия құжат ретінде ресми Астанаға тапсырмақ. Делегация Қазақстан билігін бұл құжатты қоғамға жариялауға үндеді.

Бұл – БҰҰ Азаптауға қарсы комитеті өкілдерінің Қазақстанға екінші сапары. Алғаш рет 2016 жылы келген. Биыл келген делегация қатарында Якуб Чепекпен (Польша) бірге Ника Кварацхелия (Грузия), Зденка Перович (Черногория) және Аника Томшич (Хорватия) бар.

Қазақстанда сотталғандар, уақытша қамауға алынғандар түрмедегі жағдайға, азаптауға қатысты жиі шағымданады. Олардың ішінде өзіне қол жұмсағандар, денесіне зақым келтіргендер де бар. 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандардың көбі түрмеде азапталғанын айтқан. Билік Қаңтар қырғынында түрмедегі азаптаудан алты адам қаза тапқанын мойындаған.

Бас прокуратураның мәліметінше, Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған тоғыз адам бас бостандығынан айырылған. Ведомствоның хабарламасында 84 адамды азаптаған күш құрылымдарының 35 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны жазылған.

Қазақстанда азаптау істері сотқа сирек жетеді. Құқық қорғаушылар елде адам азаптағандар жазасыз қалатынын айтып келеді.

Источник: www.azattyq.org