үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Бағдат Мусин «Астана интернет жылдамдығы жағынан Токиодан озды» дегенін дұрыс санайды

Бағдат Мусин «Астана интернет жылдамдығы жағынан Токиодан озды» дегенін дұрыс санайды

6
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Бағдат Мусин "Астана интернет жылдамдығы жағынан Токиодан озды" дегенін дұрыс санайды


Бағдат Мусин "Астана интернет жылдамдығы жағынан Токиодан озды" дегенін дұрыс санайды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин үкімет отырысында. Астана, 15 тамыз, 2023 жыл. Бөлісу

  Бағдат Мусин "Астана интернет жылдамдығы жағынан Токиодан озды" дегенін дұрыс санайды Бөлісіңіз

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Астана интернет жылдамдығы бойынша Токионы басып озды" деп айтқанына түсініктеме берді. Ол бұл сөзін 11 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен үкімет жиынында мәлімдеген еді. Сол сөзінен кейін көптің сынына қалған министрге бүгін, 13 қыркүйекте журналистер: "Ол ақпаратты "жаңылысу" деп санамайсыз ба?" және "бұл үшін астаналықтардан кешірім сұрайсыз ба?" деген сұрақ қойды. Министр ресми рейтингтерге сүйенетінін айтты.

"Қазақстанда интернет сапасына байланысты мәселе барын мойындаймын. Сондықтан біз операторларға базалық станцияларды жақсарту және оларды орнату бойынша нақты міндеттер қоямыз. Оларды ай сайын бақылап отырамын" деді Мусин.

Ол "байланыс операторлары өз желілері мен байланыстарын дамытуға жеке жауап беретіндіктен", бұл мәселелер өзі басқаратын министрліктің міндетіне кірмеуі керегін айтты.

"Байланыс сапасы бойынша мәселе ауқымы кеңейген соң министр ретінде маған араласуға тура келді. Екі апта сайын маған барлық ұялы байланыс операторы мен басшылары, акционерлері келеді. Әр аптаға құрған жоспарым бар: олар қанша базалық станция орнатты, нешеуі модернизацияланды және неше рет тазартылды" деді министр.

Қазақстандағы байланыс операторлары қызмет сапасына қатысты тұтынушылардан сын көп екенін жоққа шығармайды. Олар бұған базалық станция орнатуға рұқсат алудың қиындығы мен станция орнатуға тұрғындардың қарсылығы себеп болып отыр дейді . Компаниялар әлемдегі ең арзан тарифтердің бірі Қазақстанда деген уәж айтады (орташа есеппен алғанда 1 гигабайт мобильді интернеттің бағасы 1 долларға жетпейді).

Источник: www.azattyq.org