үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Бахмут түбінде Ресей әскері бригадасының командирі мен корпус командирінің орынбасары өлген

Бахмут түбінде Ресей әскері бригадасының командирі мен корпус командирінің орынбасары өлген

19
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Бахмут түбінде Ресей әскері бригадасының командирі мен корпус командирінің орынбасары өлген


Бахмут түбінде Ресей әскері бригадасының командирі мен корпус командирінің орынбасары өлген

Бахмут. Бөлісу

  Бахмут түбінде Ресей әскері бригадасының командирі мен корпус командирінің орынбасары өлген Бөлісіңіз

Украинаның Бахмут қаласының түбіндегі шайқаста Ресей әскерінің полковнигі, 4-мотоатқыштар бригадасының командирі Вячеслав Макаров пен корпус командирінің әскери-саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары Евгений Бровко өлген. Украина жариялаған бұл ақпаратты жексенбіде Ресей қорғаныс министрлігі растаған.

Ресей қорғаныс министрлігі жоғары лауазымды әскери шенеуніктерінің өлгенін растайтын кезі сирек. Министрліктің хабарына қарағанда, екеуі де украин әскерінің шабуылы кезінде, Бахмуттың екі жағында өлген.

Кейінгі күндері Украина әскері Бахмут түбінде шабуылға кіріскені, қаланың солтүстігі мен оңтүстік қапталынан қоршай шабуылға шыққаны байқалған. "Вагнер" жеке меншік әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин Ресей әскері қашып бара жатқанын хабарлаған.

Сенбі күні Украинаның бірқатар ақпарат құралы артиллерия атқылағанда Ресейдің 4-бригадасының командирі мен штаб бастығы және 2-армиясының корпус командирінің (сепаратистік "ДХР" мен "ЛХР-дің" бұрынғы "халық милициясы") саяси істер жөніндегі орынбасары өлгенін хабарлаған. Бұл ақпаратты Ресей армиясында соғысып жүрген блогер Андрей Морозов растаған.

Источник: www.azattyq.org