үй Қазақстан жаңалықтары Экономика «Байтақ» партиясының Астанадағы кеңсесінен өрт шықты. Партия жетекшісі оны «сайлау алдындағы бәсекеден»...

«Байтақ» партиясының Астанадағы кеңсесінен өрт шықты. Партия жетекшісі оны «сайлау алдындағы бәсекеден» көрді

13
0


"Байтақ" партиясының Астанадағы кеңсесінен өрт шықты. Партия жетекшісі оны "сайлау алдындағы бәсекеден" көрді

ЖАҢАЛЫҚТАР "Байтақ" партиясының Астанадағы кеңсесінен өрт шықты. Партия жетекшісі оны "сайлау алдындағы бәсекеден" көрді "Байтақ" партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай. Бөлісу

  "Байтақ" партиясының Астанадағы кеңсесінен өрт шықты. Партия жетекшісі оны "сайлау алдындағы бәсекеден" көрді Бөлісіңіз

6 наурызда "Байтақ" партиясының Астанадағы кеңсесінің шағын бөлігі өртенген. Мұны жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, сағат 21.52-де Мәңгілік ел даңғылының бойындағы бизнес орталығында оргтехника мен 1,5 шаршы метр жер өртенген. Штаб қызметкерлері шұғыл шығарылған.

Өрт сөндірушілер жалынды 20 минутқа жетпей өшірген.

Бұл оқиға жөнінде партия жетекшісі Азаматхан Әміртай ресми мәлімдеме жасап, оны "саяси бәсеке күшейіп тұрғанда партия жұмысына кедергі жасау" деп бағалаған.

2022 жылғы қарашада тіркелген "Байтақ" партиясы өздерін "жасылдар ұйымы" деп есептейді. Өзге алты партия секілді ол да 19 наурызда өтетін мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар сайлауына кандидаттарын ұсынған.

Источник: www.azattyq.org