үй Қазақстан жаңалықтары Экономика «Беларускі Гаюн»: Пригожиннің ұшағы Минск түбіндегі әуежайға қонды

«Беларускі Гаюн»: Пригожиннің ұшағы Минск түбіндегі әуежайға қонды

20
0

ЖАҢАЛЫҚТАР "Беларускі Гаюн": Пригожиннің ұшағы Минск түбіндегі әуежайға қонды


"Беларускі Гаюн": Пригожиннің ұшағы Минск түбіндегі әуежайға қонды

Көрнекі сурет Бөлісу

  "Беларускі Гаюн": Пригожиннің ұшағы Минск түбіндегі әуежайға қонды Бөлісіңіз

"Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин пайдаланатын нөмірі RA-02795 бизнес-джет Embraer 600 ұшағы Минск түбіндегі Мачулищи әскери әуежайына 27 маусымда, таңғы 7:40- та (Астана уақытымыен 10:40) қонған. Бұл жөнінде Беларусь республикасындағы әскери қимылға мониторинг жасайтын "Беларускі Гаюн" жобасы хабарлаған.

Арада 18 минут өткенде RA-02878 нөмірлі тағы бір жеке ұшақ қонған. Бұл ұшақ Санкт-Петербургтен шыққан.

Бұған дейін "Важные истории" мен OCCRP Пригожин пайдаланатын ұшақ 25 маусымда Петербугтен оңтүстік-шығысқа ұшқанын жазған. 2019 жылы бұл ұшақ АҚШ санкциясына іліккен.

Евгений Пригожин соңғы рет 24 маусымда Дондағы Ростов қаласында орналасқан Оңтүстік әскери штабының маңынан көрінген. Бұл видеода Пригожиннің Дондағы Ростов қаласынан автомобильмен кетіп бара жатқаны, жергілікті тұрғындар қошемет көрсетіп жатқаны байқалған.

Кеше күндіз Пригожин Мәскеуге жасаған "әділет жорығынан" кейін алғаш рет өзінің telegram-арналарынан 11 минут мәлімдеме жасаған. Бұл жазбаның қайда, қашан жазылғаны белгісіз. Пригожиннің "Беларуське" кететінін сенбі күні Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтқан.

Пригожин үстінен "бүлік ұйымдастырды" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Источник: www.azattyq.org