үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Бес күннен бері наразылық білдіріп тұрған Бестөбе кеншілері әкімнің сөзіне көнбеді

Бес күннен бері наразылық білдіріп тұрған Бестөбе кеншілері әкімнің сөзіне көнбеді

12
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Бес күннен бері наразылық білдіріп тұрған Бестөбе кеншілері әкімнің сөзіне көнбеді


Бес күннен бері наразылық білдіріп тұрған Бестөбе кеншілері әкімнің сөзіне көнбеді

Бестөбедегі "Алтыналмас" компаниясының наразылық білдіріп тұрған кеншілері. 9 маусым, 2023 жыл Бөлісу

  Бес күннен бері наразылық білдіріп тұрған Бестөбе кеншілері әкімнің сөзіне көнбеді Бөлісіңіз

Ақмола облысының Бестөбе кентінде "Алтыналмас" компаниясы шахтерлері бейбіт наразылық білдіріп тұрғанына бесінші күн болды. Олар жергілікті жерден жұмыс орнын ашуды талап етеді.

11 маусым күні кешкісін Степногорск қаласының әкімі келіп, "тараңдар!" деп кеткен. Шахтерлер әкімге талаптарын тағы айтқанымен, ол 22 маусымда кездесейік деген. Бір кеште екі келген әкім кәсіпорынға инвестор табылуы мүмкін деп үміттендірген.

– Инвестор компаниямен Алматыда кездесу болуы мүмкін. Сондықтан 22 маусымда хаттамамамен отырып сөйлесейік. Сіздер де келіңіздер, инвесторлар да келеді, индустрия министрлігін де шақырамыз, – деді жиналғандарға Степногорск әкімі Алпысбай Қайыржанов.

Шахтерлер мен тұрғындар әкімнің ұсынысына құлақ аспады. Бір бөлігі мәселе шешілгенше жергілікті мәдениет үйінің алдындағы көшеде тұратынын айтты.

– Біз Склярмен, Маржықпаевпен кездескіміз келеді. Мәселені шеше алмайтын өзгелері керек емес. Мәселені шешетін адаммен ғана сөйлесеміз, – деп жауап берді әкімге.

Шахтерлер наразылыққа 7 маусымда шыққан. Жергілікті билік олар жиналатын жердегі жарықты өшіріп тастаған соң, қолдарына фонарь ұстап келген. Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға видеоүндеу де жолдаған, бірақ ол шахтерлер талабына назар аудармаған, кентке де келмеген.

– Біз тарамаймыз, мәселемізді қазір шешсін деп тұрмыз. Әкім 22 маусымда өтетін жиынға сілтейді, біз ол жиынға да сенбейміз. Біз ондай жиналыстардан күдер үзгенбіз. Мәселені нақты шешу керек. Билік не күтіп отырғаны белгісіз, – деді наразылыққа шығып тұрған шахтерлердің бірі Азаттық тілшісіне.

9 маусымда наразылар жиналған жерге билік полиция күштерін әкелген. Жиналғандар полицияға да кетіңдер деген. 11 маусымда полиция кетіп қалған.

Бұған дейін шахтерлер мен кент тұрғындары екі күн қарсылық акциясына шыққанда алтын өндіретін "Алтыналмас" компаниясы "шахтадағы суды сорып алу үшін қызметкерлердің бір бөлігін жұмысқа шығаруға дайын екенін" мәлімдеп, қалған қызметкерлерді компанияның өзге жобаларындағы жұмыстарға орналастыруды ұсынған. Компания Бестөбе кенішін пайдалану құқығын мемлекетке қайтарып беруге дайын екенін де тағы мәлімдеген.

Бестөбе кенішінің жұмысы 2021 жылы шілдеде тоқтап, 1200-ге жуық адам жұмыссыз қалған, олардың кейбірі басқа жұмыс тауып үлгерген. Шахталарға толған су да сорылмайтын болған. Компания шахта суын жіберетін жер жоқ дейді, ал жұмысшылар "мұны компания әдейі істеп отыр, сол арқылы ашық тәсілмен алтын өндіруге көндіргісі келеді" деп біледі.

Источник: www.azattyq.org